Page 149 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

149
қа қарағанда, ойын үлгісінде қызықты өткен сабаққа деген оқу-
шылардыңынтасы, сергектігі. Қазығын айналған аттай, бұлыңғыр
оқу бағдарламасының ішінде ұйқылы-ояу ілби бермей, төңірекке
қарауы. Əрі-беріден соң, тіпті, ауыз қуысында орналасқан буын-
сыз қызыл тілдің өзінің негізгі функциясын атқаруға қайта ора-
луы. Нұқып тұрып айтар болсақ, орыстілділердің қазақша сөй-
леп, қарым-қатынас жасағандығы! Тілдің бұлшық ет пен тамыр-
лардан, жүйке талшықтарынан тұратындығын, дəм айыру да
қабілеті бар екендігін емес, оның өзге тілді ортада да
ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ
екендігін түсіну. Мұның бəрі, əрине,
қазақ тілінің айналасында айтылып отыр.
Мектеп директоры Тілек Уəлиұлы ҚАРЫМСАҚОВ:
– Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пəні бастауыш сыныптар
үшін, көбінесе, ауызекі сөйлеу, əңгімелесу түрінде осылайша
өтетін болса, оқушылар, ең құрығанда, қазақша түсінісе алар
дəрежеге жетер еді. Ол үшін əр мұғалім өз беттерінше бағдарла-
ма жасап, ала-құла болмай, жоғарыдан арнайы оқу бағдарлама-
сы мен қажетті əдістемелік оқу құралдары əзірленгені дұрыс.
Сондай-ақ, мектеп үшін арнайы көрнекі құралдар жасалынып,
таратылса, құба-құп. Əйтпесе, мектептегілер қазірде ксерокс-
тен əзірленген аталмыш заттар мен түрлі суреттерді сатып
алып, орынсыз шығын шығаруда. Қазақ тілін бизнесте пайда-
ланушылар да табылмай қалып отырған жоқ. Оқулықтар, əр
сыныпқа жеке-жеке арналған сөздіктер қажет.
Бүгінгі жағдайды пайдаланып, біздің мектебіміздің мұғалім-
дері мен өзге қызметтегілерінің де қазақ тілін үйренуге ден қой-
ып, арнайы жұмыс істейтін үйірмеге қатысып жүргендігін қуа-
нышпен атап айтқым келеді.
Оқу ісінің меңгерушісі Райхан Сапарқызы ҚАЙЫПОВА:
– Өз мамандығым – химик. Республикамыздың Шығыс ай-
мағынан едім, қазір тілге көбірек ден қойып жүрмін. Қазақ тілі
курсында оқып шықтым. Ниет түзу.
Бастауышмектеп сыныптарындағынегізгі міндет қазақша сөй-
леуді үйрету болса деймін. Бұл аралықта грамматикасына тық-
палай берсек, оқушының ынтасынан айырылатын түріміз бар. Ал,
ынта жоғалған жерден түк те іздеп қажеті жоқ.