148
СЫМСЫЗ ТЕЛЕФОН ОЙЫНЫ.
Оқытушы бірінші отыр-
ған баланың құлағына «Сабыр-салақ, Оман – олақ», «дəмді алма,
терең су» деген сөзді сыбырлады. Балалар бір-біріне сыбырлап,
айнала айтып шықты. Соңғы оқушы тұрып, не естігенін айтты.
Бірінші команда дұрыс айта алса, екіншісіндегі баланың естігені
«дэмди алма, керен су» болып шықты. Мұғалім дереу қателікті
түзеп, сөздің айтылуына назар аударды. Ойынның бұл түрі сөзді
есте сақтаумен айтып үйренуге жаттықтырса керек.
ТАҚТАДАҒЫ ТАПСЫРМА
. Екі командадан шыққан
балаға төмендегі екі схема-жазу берілді:
Біз
Мен
бер
іш
əкел
əпер
ейін Біз
ейік Мен
же
биле
берме
киме
йін
йік
Мұны не істеу керектігі оқырманға түсінікті. Тапсырма беріл-
ген балалар орыс мектебінің оқушылары болған соң, кəдімгідей
ойланып барып, дұрыс айтып шықты. Бұл ойының сөздердің
көпше, жекеше түрлерін айтып, жаза білуге үйретері хақ.
АУДАРМАЖАРЫС.
Екі командаға «Он купил книгу в ма-
газине» деген сөйлем жазылған екі қағаз берілді. Қай команда
жылдам əрі дұрыс аударып, сауатты оқып бере алады екен?
Бірінші команда аудара алмай қиналып жатқанда, екіншісі екі
түрлі аударып айтуға болатынын айтып, жазғандарын оқып
берді. «Ол дукенде қытап сатыйып алды. Ол дукеннэн китап
сатыйп алдый»
(Балалардың өз айтқаны бойынша жазып
отыр),
ЖАҢЫЛТПАШ АЙТУ,
жұмбақ айту, суретке қарап əңгі-
мелеу, сөзжұмбақ шешу сияқты басқа да қызықты ойындар
өткізілді. Оның бəрін тəптіштеп жатпай-ақ қояйық.
Ашық сабақтың қалай өткендігінен аздап мəлімет алған
болсақ, енді негізгі əңгімеміздің мəні мен маңызына келейік.
Егер «жақсы» немесе «нашар» деп, ашық сабақтың өтуіне
міндетті түрде баға беру керек болса, алғашқысын батыл айтуға
болады. Себеп? Себеп: Ережелермен шырмалған жансыз сабақ-