13
алдыңызда болып жатқан жанды кино! Кино да дəл мұндай
көрсетеалмайды.Жекелегенэпизодтарболмаса,бастан-аяқжал-
пы планда (көріністе) шайқастың барысын қай кинодан көріп
едіңіз? Жалпы (общий план), ірі, орта көрініс араласып отырған
соң,шайқастың«қызығы»дəлберілмейжатады.Ал,мұндаВьет-
нам соғысындағы қандышайқас дəлме-дəл көрсетілген. «Сіздің
макетіңізде ғана айырмашылық бар екен. Кішілеу... сосын бə-
рін ермексаздан (пластилин) жасапсыз. Ал, вьетнамдықтар кіш-
кентай, айнымайтын ойыншықтардан жасаған. Оның үстіне,
бəрінің жаны бар, қозғалып жүріп, кəдімгідей соғысады» дедім
Жұмагелді ағайға. «О-о, ондай мүмкіндік қайда бізге!» деді
ол. Өзім де ойланып қалдым. Шындығында, бізде мүмкіндік
емес, құлық жоқ. Əйтпесе, Бауыржан Момышұлының ерлігін
бейнелейтін осындай көріністі – Мəскеу түбіндегі шайқасты,
əйтпесе, Сталинград шайқасын əрбір балаға қайталап көрсетіп
отыруға шама жетеді ғой... Жеңіс күніне жасаған тартуын
«Əйгерiмдегi» №149 мектепте өткен көрмеден кейін тас-
тай салмай, үйінде сақтап отырған Жұмагелді ағайға іштей
риза болдым. Ол жасаған шайқас көрінісінің бір шетінде сол
аяғының сан етін снаряд жарықшағы жұлып кеткен менің əкем
қансырап жатқандай сезілді. «Санитар неге көрінбейді? Көкем
қансырап өліп қалмаса екен!» Берлинге жақындап қалғанда
жарақат алып, шайқас алаңында қиналып жатқан əкем көз ал-
дыма елестеп кеттi...
Ж
ЕТПIСТЕГI АДАМ
ДА ƏКЕСIН
IЗДЕЙТIНIН
МЫНА ЖҰРТ ҚАЙДАН
БIЛСIН
!
Редакциямызға екі əйел, бір ер кісі кіріп келді. Өздерін та-
ныстырды. Алдында, екі əйелдің бірі – зейнеткер, Оқу ісінің
үздігі Несіпхан Батырханова телефон арқылы хабарласқан
еді. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай жақсы əңгіме айтып
беретін кісіні алып келетін болған. Сол келістері – осы. Ішім
сезіп тұр. Бірақ, мына кісі соғыста болған адамға ұқсамайды.
«Бүкіл балалық шағын соғыс ұрлаған, қиындықты көп көрген,