14
əкесі соғыста жоқ болып кеткен кісі. Əкесін қайдан іздерін де
білмейді, ешқандай дерегі жоқ». Несіпхан апайдың айтуымен
мəн-жайға аздап болса да қаныға бастағандай болдым. Келген
кісіде үн жоқ. Маған бір, қолындағы кітаптарға бір қарайды.
Сөйлеп отырған Несіпхан апай. «Бұ кісі – Молдаш Əміребай-
ұлы. Мамандығы – экономист. Өзі ақын, төрт-бес кітаптың ав-
торы. Ұзақ жылдар бойы Түсті металлургия министрлігінде,
кейін Қазақстан Республикасының Салық комитетінде жауап-
ты қызметтер атқарды. Өзін түсінетін, сырын ұғып, сырласа-
тын адамға ғана айтатын соғыс туралы, Жеңіс жайында əңгімеле-
рі бар». Не айтпақ сонда? Көзімдегі сұрақты оқып қойғандай
болған Молдекең: «Жеңіс туралы мен не айта аламын. Əкем
де есімде қалмаған. Тек мына жазып əкелгенімді оқып берейін,
оған қосарым да, аларым да жоқ» деді, ақыры, тіл қатып.
«Əке, бүкiл əлем Жеңiс күнiн тойлап жатыр. Бұл күндi менiң
де ерекше атап өткiм келедi. Алайда, жыл сайын Жеңiс күнi
келе жатқанда, менi тұңғиық ой түбiне тартып, мөлдiр де таза
көңiлiмдi мұң шала бастайтынын қалай жасырайын. Өйткенi,
сен соғысқа аттанғанда мен небəрi екi жастағы сəби екенмiн.
Сенiң бейнеңдi көз алдыма елестете алмаймын. Мен сiздi көрген
жоқпын, əке! Өзiм көрмеген əкемдi сағынамын. Соғыста хабар-
ошарсыз кеткен адам жалғыз сен ғана сияқты болады да тұрады
маған. Не өлi, не тiрi екенiңдi осы күнге дейiн бiлмеймiн. Қазiр
менiңжасым сiздiңжасыңыздан үлкен. 70-тен астым. Солай бола
тұра, əлi күнге дейiн бозбаладай күйiңде соғысқа аттанғаннан
кейiн бе, сен солай жас қалпыңда елестейсiң. Өзiңдi 70 жыл бойы
iздеп келдiм. Мiне, бүкiл ел бүгiн Жеңiстiң 65 жылдығын тойлап
жатыр. Сен бұл қуанышты көре алмағаныңа өкiнемiн. Қанша-
ма биiктерге жетiп, қаншама табыстарға қол жеткiзсем де, кеу-
демде бiр өкiнiшқалып қойды. Сенi көргiм келедi, əке! Жетпiсте-
гi адам да əкесiн iздейтiнiн мына жұрт қайдан бiлсiн...»
Соғыс, Жеңiс жəне бiз. Бiрiнен бiрi ажырағысыз дүниеге
айналғандай. Бəрi қосылып Бейбiтшiлiк ұғымын асқақтатып
тұрады. Бейбiтшiлiктiң қадiрiн түсiну үшiн де бiз соғысты
ұмытпауымыз керек-ау.
«Алматы ақшамы» газеті