11
Ж
ҰМАГЕЛДІ АҒАЙ МЕН
В
ЬЕТНАМ
СОҒЫСЫ
Түс қайта қарбалас жұмыстың басталып кететіні бар. Бір
қолымды екі ете алмай отырғанда, телефон безектей жөнел-
ді. Газетшінің қоңырауды қалт жібергені – қадамын шалыс
басқаны. Телефон шылдырын күтіп отырғандай болып тұ-
ратынымыз бар. Ықыластана көтереміз. Тосын жаңалық, қы-
зықты оқиға, ел күткен хабар – бəріне құлағымыз түрік. Жұртты
бірінші болып қуанта білгенге не жетсін!
Телефон шалған Жұмагелді ағай болып шықты. «Шаңы-
рақта» тұрады. 90-жылдардың басында Қарақалпақстаннан
көшіп келген бір қауым елдің бетке ұстар абзал азаматтарының
бірі. Өзі əдебиет пəнінің мұғалімі. Білмейтіні кемде-кем. Қазiр
«Ақбұлақтағы» №154 мектепте жұмыс iстеп жүр деп естiген-
мiн. Бір ауылда тұрсақ та, өзін көрмегелі оншақты жылдай уа-
қыт өткен еді. 1992 жылы «Шаңырақ» балаларына арналған
мектеп ашылып, тұңғыш қызым бірінші сыныпқа барғанда,
солардың сынып жетекшісі болған-тұғын. Одан кейінгі алты
баламның да бірінші сыныпқа бару рəсімдерінде мектепте
үлкен басымен зыр жүгіріп жүріп қызмет еткенін қалай ұмы-
тайын. Ол баспасөзге деген құрметi болатын. Қазақ басылым-
дарын құрандай аялайтын адам.
Он жылдан астам уақыт көрмеген кісінің телефон шалып
тұрғаны да қызық қой, «Мені ұмытып қалған жоқсың ба?» дей-
ді. Шын жақсы адамдардың көбіне əпенділеу келетінi бар. Мен
жақсы мағынасында айтып тұрмын. Əйтпесе, бір ауылдың ада-
мы, ауылды бірге тұрғызған кісілер – əсте ұмытыла ма? Оның
үстіне, өзі балаларымды оқытса.
– Бүгін үйге қаншада келесің?– деді. «Кешкі сегіздерде бо-
ламын, бүгін ертелеу шығатын едік» деп, шынымды айттым.
– Онда үйге соғамын. Бір əңгімелесіп отырайық деп едім
ғой, – дейді.
– Не əңгіме еді?
Мен де қызықпын, айта салатын əңгіме болса, үйге соғаты-
нын айтпас еді. Жə, жарайды... Сонымен, кешке үйге келді. Жүр
де жүр. «Біздің үйдегі апаң шəй-тамағын əзірлеп күтіп отырға»