Қазақстанның ашық кітапханасы
65
Ерекше көңілді біз дамудың паузасы мен импульсіне бөлдік. Мысал ретінде латын
әдебиетінің даму импульсінің әр кезеңдегі үш немесе төрт түрін келтірдік. Осындай үлгіде
бірақ бұдан көп уақытта, египет мәдениеті дамыды.
Бірегей немесе нақты шектеулі өркениеттерде даму конфигурациясының өсуі және
құлдырау кезеңі анық көрініс береді, дегенмен, дамудың бірнеше асуларына да ие болуы
мүмкін. Мұндай көп ұлтты өркениетте, мысалы үшін Еуропада, әр ұлт өзінің мәдениетінің
дамуының шарықтауын шерулейді және бір уақытта бірнеше шарықтау шегі бір - бірін
ауыстырып отырады. Тап оркестрдегі аспаптар секілді, нәтижесінде аса ұлттық
өркениеттің толысуында ірі полифониялық конфигурация қалыптасады. Дамудың
көптеген салалары өмір сүреді. Мұндай конфигурацияда дамудың біріншісімен соңғы
түрткісі алғы сөз бен эпилог сипатын алады, бірақ оларды алғашқы хабаршы мен
жаңғырық деп атауға болады. Испанияның бүкіл мәдени тарихы және ежелгі Грекияны
осы түрге жатқызуға болады.
Дамудың пішіні дұрыс қисықты өзгешілікке жақындай отырып, симметриялы келеді,
кейде аралас болып, яғни жоғарғы нүктесі ортаңғы уақытша бөліктің не басына, не аяғына
қарай ығысады. Ығысқан пішіндер негізі басқа әрекет түрлерімен сипаттас. Мәдени
дамудың пішіні бүтіндей симметрия бөлігіне тартылады жөне бүл бірнеше әрекет
ауқымын өз бойына жинақтауына байланысты сипатталады. Сонымен қатар ауытқу өте
жоғары және ол қалыпты симметрияның осу үлгісі ме, жоқ па екенін анықтауға мүмкіндік
бермейді.
Аралдық мәдениеттерге — жапон, ағылшын мәдениеттері — баяу дамушыларға жатады,
олар бірте-бірте дамып, тоқтау, тоқырау деген болмайды. Басқа көптеген мәдениеттермен
байланысы мен шартына байланысты және олармен бәсекелестік континенталды
мәдениеттің дамуына әкеліп соғады.
Географиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда мәдени дамудың шеңберлік насихаттауы
алғашқы орталықтан басталады да, барлық үлкен территорияны қамтиды. Бұл
антропологияның диффузия туралы айтқандығын дәлелдейді. Олар ең алдымен мәдени
мазмұнның элементтерін таратуды зерттелген. Дегенмен тарату үдерісі осы немесе басқа
салада мәдени паттернге және мәдени құндылыққа қатысты. Таралу — көбінесе
орталықтан сыртқа қарай бағытталады. Дегенмен алғашқы фокус географиялық алыс
аймақ перифериясында орналасуы мүмкін, берілген осы жағдайда оның таралуы
орталықтан шеңберге қарай емес, 90 градустағы бұрыштан сыртқа таралу формасын
береді. Кей жағдайда фокус шекарада орналасады, ал шекарадағы мәдениетке шетел
мәдениеті әсер етеді. Егер алғашқы даму сырттың үлкен көлемін қамтыса, оңда
паттерннің таралуы орталықтан шеңберге қарай дамиды.
Ірі өркениеттерде құлдырау кезеңінде орталықтандырылған өзгерісті байқауға болады.
Осындай өзгерістен соң олар бірігеді. Мысалы; Жерорта теңізі немесе Классикалық
өркениет, алдымен Эллин регионынан Батыс Римге, одан соң грек шекарасына, таралып
нәтижесінде варварлыққа бой ұрды.
Мәдениет өлімі бүл кітапта мәдениеттің өзі емес, тек бір бөлігі немесе формасы, яғни
паттерндердің жоғары құндылықты қасиеттері бар басқа паттерндерді ығыстырып
шығаруының соңында алғашқы паттерндер өліп отыр. Мәдениет өзінің ішкі себептеріне
байланысты немесе қартаюынан, өзінен өзі өледі ме деген мәселе жауапсыз қалады.
Қорытынды шолуда даналықтың ерекшеленген жағдайдағы көрінісі білдіріледі, даналық
оқшауланған жағдайда сирек көрінеді, мұндай жағдайларды айырықша қарастырған жөн.
Сөйтіп, бұл кітапта көрсетілген методологиялық әдістерді жалпы түрде дәлелденген деуге