Page 67 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
67
айналдырды. Әсіресе, өлкеміздің Мирзоян жолдас бастаған басшылығы мәдениет
жұмысына мейлінше көп көңіл бөлді. Қуанышты тойымыздың зор мағынасы әр саладағы
табыстарымызды көрмеге салып, бұрын кім едік, енді қандай өріске жетіп отырмыз деген
жәйларды салыстырып саралаумен ажарланбақ.
Бас-басына атап айтсақ, ең алдымен, бізде биыл 10 жасқа толып отырған мемлекеттік
драма театры бар
2
. Бізде алдыңғы қатардағы ірі мәдениетті елдерде туатын үлкен операға
қарай ауысып, өсіп, толып келе жатқан Қазақстан музыка театры бар. Облыс басы сайын
бір-бір жап-жақсы облыстық театрлар қалыптасып келе жатыр. Олардың ішінде әсіресе,
Шығыс Қазақстанның жолдас Бекұлы Орынбек бастаған драмалық театры мейлінше өсіп,
толып қалған, қатардағы көрнекті театрдың бірі боп отыр. Өнер қайраткерлерінің кадрын
әзірлеу ісі де — біздегі әсіресе өнімді, көңілді боп келе жатқан қызықты істің бірі. Алматы
қаласындағы музыка-драма техникумы қазір табанын нық басқан, ірі білім, шын
мамандық дүкені боп нығайып отыр. Бүгінгі драма, музыка театры — барлық облыстық,
өндірістік театрларға ертең оқымысты, білімді өнерпаздардың ірі күштерін қосатын
үзілмес қоры. Осы сияқты бір үлкен сенімді дүкен — Мәскеу мен Ленинградтың жоғарғы
дәрежелі өнерпаздар институттарының жанынан ашылған мастерскойларымыз
3
, биылғы
жылы бұрынғы драма актерін әзірлейтін мастерскойлардан басқа Мәскеу
консерваториясының жанынан кейін қазақ операсының әншісі боп шығатын бір топ оқып,
өсіп, әзірленіп жатқан дәмелі білімпаз жастардың қатарына Ленинградтың балеттік
школында былтырдан оқып, тәрбиеленіп жатқан бір топ жас балаларды да қосу керек.
Осы соңғы саналған мастерскойлар мен жеке топтар түбінде бір мезгілдік қана болмай,
әрдайым лек-легімен келіп, осы бүгінгі сияқты қалыптарын жоймай, үрдіс істеп тұратын
болу керек. Әзірше Одақтық үлкен мамандық мектептерінде оқып жатқан жастардың
ішінен артисі де, режиссері, суретшісі де тұтас шығатын болады. Бұлар түбінде бірнеше
топ-топ боп оқу бітіріп келгенде бір-бір театрды қолды-қолына ала-ала тұра қалатын әзір
коллективтер болады.
Соңғы жылдардағы қазақ өнерінің бір ірі жолға басқан жаңалығы — енді Қазақстандағы
өнерпаздар жалғыз Қазақстан көлемінде, қазақ тыңдаушысының ортасында ғана қалмай,
Одақтық, дүниелік майданға шыға бастады. Бұл — екі жолмен жүріп келеді: біріншіден,
қазақ күштері көпке мәлімденіп, үлкен жолға шыға бастаса, екіншіден. біздің
көркемөнерлік істерімізге алдыңғы қатар орыс өнерпаздарының қатынасып, ат салысуы
күшейіп келеді. Қазір біздің сахна-драмалық істеріміз, ән-күйіміздің көркемделіп өсуі, би
өнеріміздің барлығы да жалғыз қазақ күшімен істелмейді. Осы аталған мамандықтардың
Одаққа аты шыққан ірі адамдары: ірі композитор, ірі режиссер, ірі биші, суретшісі
сияқтының барлығы да бізбен істесіп, Қазақстанның көркемөнер ісіне анықтап жегіліп
отыр
4
.
Қазақтың өз әнші, күйшілерінің өнерлері былтырдан бастап пластинкаға түсіп, жақсы ән,
жақсы күй дегеннің барлығы, атақты әнші жігіт, әнші әйел артистеріміздің үндері бүкіл
Одаққа, бүкіл дүниеге тарайтындай мүмкіншілік алып отыр.
Осы сияқты ғасырлар бойы қазақ ортасы, қазақы қазаннан аспай жүрген домбыра, қобыз
және ұмытылып бара жатқан сыбызғы ән-күй аспаптары да енді жаңа сапа, жаңа түрге
көшіп, тәжірибе ретінде бас құрап, қазақ оркестрі деген жаңа оркестр жасап отыр. Бірақ
біздің бұны демеп, сүйеп, көтермелеуіміз — "не шығар екен, қаншалық өріске бара алар
екен" деген және "халық аспаптары сол халық қолына ажарланған және сапа тапқан,
өскелеңдеген түрде барсын" деген тәжірибе сияқты нәрселер. Болмаса қазақтың ендігі
жаңа үлкен көркемөнерінің жалғыз аспаптары осы болсын дегендік емес. Бүгінгі
Қазақстан көркемөнерінің жалпы беталысы, тәжірибе, ізденулерінің ішіндегі бір ерекше
жақсы, дұрыс бағыты — біз ешбір салада да мынау қазақтікі еді, мынау қазақтікі емес еді