Қазақстанның ашық кітапханасы
65
жылға беретін жемісі тола береді, дами түседі. Түлететін, өсіріп толтыратын, гүл
атқызатын, күн нұрындай нұр, жер емшегіндей нәр неменеде?
Ол біздің ақында — нұры, табының анайы тәрбиесі, дәуірінің шарқ ұрып қияға сермеуі.
Сонымен қатар сол табы, сол дәуірімен бірге отырып өз басының жалпы тарих адымынан
қалыспай өсуінде.
Олай болса, біздің Қалмақандай төңкерісшіл, еңбекшінің қайнар ішінен шыққан төңкеріс
ақынының өсуіне он жылда бір қорытынды жасау аз. Әр жыл "Қалпың міне", "Алдың
анау" делініп отырса, көп емес. Лайығы сол еді.
Ал, он жыл ішіндегі Қалмақанды алсақ, сол жоғарғы айтылғандай өсу мен ақын атын
алған жас. Басында көп ішінде, қатардағы жас қайраткердің бірі болып жүріп, содан
өлеңімен іздене, көріне-көріне келіп, аяғында, төрт жыл, бес жыл ішінде өзін ақынмын
деп, өзі де таныды, жұртшылыққа да танытты.
Осы мезгіл ішінде ақын еңбегінің ең үстем мазмұны қайсы? Мұның баса шертетін үлкен
сарыны немене? Онысы, — ең алдымен "Еңбек жыры". Төңкеріс қимылы ішіндегі ең бір
ұлы арна, пролетариат мәдениетінің адам баласының мәдени тарихына ала кірген ең жаңа
ең зор күйі — еңбек күйі. Мұны еңбекші ақынның ұстануы кездейсоқ нәрсе емес. Ол ана
топырағынан үлкен нәр алған сияқты, табиғи жолмен беттеген, төркіні таза, жолы даңғыл,
жайқын сап күштің қимылын көрсетеді. Мазмұн тақырыптары өндірістегі еңбек (шахта,
шахтерлер). Колхоздағы еңбек, немесе өндіріспен қабысқан ауыл шаруа еңбегі —
бақташылар еңбегі.
Осы жайларды жыр қылуда Қалмақан өлеңінің өрнегі бірқатар қалыптасып, түр сырларын
недәуір баурап алған. Көпшілікке ұғымды. Тілі де, күйі де сол өзі жыр қып отырған көп
еңбекшінің көкейіне қонымды көптің ақыны болып отыр. Өлеңнің сыртқы ұйқасы,
өлшеуі, ырғағы ешбір орасандық ерсілікке кетпейді. Шодырайып тұрған міні аз келеді.
Өзіне өзі жасап алған бір қалыппен келе жатыр. Бірақ осы жай, бір жағынан Қалмақан
шығармаларының қасиеті болса, екінші жағынан кемшілігі қалмай келе жатқан олқылығы
сияқты да сезіледі. Қалмақан тым момын ақын тәрізді. Ізденудің оты, ұшқыны, серпіні
жеткілікті емес. Жас ақын көпті қармай, түр іздей, шаң жұта, заң таба, жұлқына қимыл
етуі, кеңірек серпуі, ізденгіш, жол салғыш, төңкерісшіл ақындардай, дәуірінің үлкен
стилін табам деп шарқ ұру Қалмақанда әзірше аз. Бүгінгі күйін, көбінесе, мазмұн мен
тақырыптың күшіне сүйеніп, соны орташа құба төбел күйімен тартуға бейімдеу. Сол
себепті теңеу, салыстыру сияқты ақын шығармасының сапасының бірі боп саналатын
элементтер Қалмақан поэзиясында әзір онша дами алмай тұрған сияқты. Өлеңге шарт
болған тілдегі, суреттегі образдардың орнына, әр жәйді баспа-бас атаған, ұғым тілі
басымдай береді. Теңеуді келтірген жерлерде әлі де жаңа өндіріс көріністерін ескі жырлар
машығымен, соның кестесімен оңайлата, жұқалау қылып әкете береді.
Сөзді сөзге қосып, өлең жолын құрауда ол тізбек бошалаң
2
тіркелмеуі керек, сөздер бір
жолдың ішінде тұрса да, шақпақ тастай шағылып, от төгіп, жанды денедей тыныс алып
тұрсын дейді біздің бүгінгі алдыңғы қатар ізденгіш, өскелең тартқан ақындарымыз.
Қалмақан бүгінгі бойына жиып алған күш, өнеріне енді одақтағы алдыңғы қатар
төңкерісшіл ақындарды түгел ұғып, жете меңгеріп аларлық білім қосып, ақындықтағы
момындықты тастап, іздегіш, өршіл, өз-өзіне сенімі күшейген, зор сапа қуған ақын болуға
беттесе екен деген тілек айтар едік.