Page 4 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
4
үлгісі болса да әлі қалыпқа түсіп, бір тәртіпке салынған жоқ, соған һәркімнің пікірін біліп,
таза әдебиетке бір жол салу, бет түзеу де бүгінгі күннің қарызы сияқты. Бүл жерде
көмекші болу — тағы да біздің жазушылардың міндеті.
«Шолпанның» бетінде осы айтылған сөздерді іске асырамыз ба деген үмітпен басқарма,
журналдың ілім һәм әдебиет бөлімдеріне лайықты мақалаларды жіберіп тұруын қазақ
жазушыларынан сұрайды.
Басқарма атынан
Мұхтар Әуезов.
1922 ж.
«ШАНШАР» ЖУРНАЛЫ
Апрельдің аяқ кезінде Семейде «Шаншар» журналының бірінші саны алынды. «Шаншар»
— қазақтың тұңғыш күлкі журналы.
Қазақтың аз да болса ілгері қарай басып келе жатқан өнер білімінің тұсында «Шаншар»
мезгілімен шыққан журнал. Білімді елдің үлгісімен қазақ оқушысы аз танысқандай болып,
осы күнде баспасөздің неше алуан түрлерін көріп келеді. Қазақ баспасөзі түр тауып
молайған сайын оқушы да қалыптанып екшеле бермек. Бұрын біз қазақтың хат таныған
баласының бәрі бірдей оқушы деп есептесек, осы күнде ондай көп оқушы бар деп
санамаймыз. Бірақ оның есесіне саяси санасы артқан, сынап оқитын нағыз оқушы шыға
бастады дейміз, бүгінгі шығып жатқан газеттер, журналдар мен пән кітаптарын көріп
оқығаннан бері, әрбір жазылған сөздің құр ғана мағынасын ұғып қоюмен тоқтамай
сынайтын да болып, ұнатқан түріне еліктеу, қостау да көбейіп келеді. Солардың санын
көбейтіп боратып жазып та жүр еді. Біздің бұл күнде көпшілігіміз сондай көп жазушының
етек алып жайыла бергендігін ұнатпаған да боламыз. Ол ұнатпау келе жатқан жастың
өнерін, жақсылығын қызғанғандық емес.
Көбінесе, қазақ әдебиеті, қазақтың жас өнері құр қарасын ұлғайтып, санын көбейте беруге
тырыспасын, нені алса да талғап, таңдап алуды дағды қылсын, аз болса да нәрлі сөзді
алатын болсын. Көп аламыш, дәнсіз болса, жас өнердің бойын өсірмейді дейміз.
Бұл сөздер қазақ білім өнерінің тазалық саулығын ойлап айтқан да дұрыс шығар. Бірақ сол
сөзді айта жүрсек те естен шығармайтын бір сөз бар. Ол өнері аз болса да, жазушының
көбейгенін тілеу. Бүгін солар көп болса, ол жақсы белгі. Біздің оқушы оқып ұғумен
қанағаттанбай, өзі де араласқысы келсе, өзі де көп күшпен істелетін істің көмекшісі
болғысы келсе, оның өнері көптігіне қарамай-ақ жалғыз сол талабының өзіне қуану керек.
Бұндай жас жазушылардың көптің сезім-біліміне беретін жемі аз болса, ең болмаса өз
басы мен өз ойына жиятын сезім мен білімі әншейін оқушы ғана болып жүрген
күндегісінен әлдеқайда тереңірек, орнықтырақ болады. Олай болса біз бүгінгі көп
жазушы, көп сыншының барлығын ең алдымен жақсы есті оқушы деп тануға керек.
Сол оқушыны бастау, баулу, сын сезімін тәрбиелеу — бүгінгі баспасөздің міндеті,
баспасөз сол оқушының жетекшісі, неше тарау жолға қарай беттетіп басшылық ететін
себепшісі деп білу керек.
Қазақтың жас оқушысының ой-сезіміне жем боларлық баспасөзге қандай жаңа түр, жаңа
үлгі қосылса, барлығы да әлеуметтің саналы тіршілігіне бір бағалы қосымша сияқты,
жалпы әлеумет өнерінің бір жаңа табысы сияқты болады. Осы жағынан қарағанда
бұрыннан шығып келе жатқан газеттер, журналдардан соң солардың ішінде бір алуан