Page 245 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
245
Мы гордимся и радуемся тому, что молодое киргизское советское искусство добилось за
последние годы выдающихся достижений. Творчество таких крупных деятелей искусства
Киргизии, как композитор, народный артист СССР Абдылас Малдыбаев, народные
артистки Киргизской ССР Сайра Киизбаева и Мариям Махмудова, широко известно в
Казахстане. С горячей любовью принимали жители нашей столицы Алма-Аты спектакли
Киргизского драматического театра, приезжавшего к нам на гастроли.
С глубоким вниманием следят ученые Казахстана за серьезными достижениями ученых
братской Киргизии. В Киргизии уже выдвинулось немало докторов и кандидатов наук,
вносящих серьезный вклад в советскую науку. Зная значительные достижения ученых
Киргизии, мы выражаем уверенность в том, что не за горами то время, когда Киргизский
филиал Академии наук СССР будет превращен в Киргизскую Академию наук. Рост
высших учебных заведений создает уверенность, что в столице Киргизии Фрунзе будет в
ближайшее время открыт Киргизский государственный университет.
Тысячи киргизских юношей и девушек, заполняющих ныне аудитории вузов, являют
собой ту мощную силу, которая понесет на своих плечах дальнейшее развитие киргизской
советской науки, искусства, литературы. Нет сомнения в том, что под руководством
партии Ленина - Сталина и Советского правительства Киргизия добьется новых успехов в
борьбе за коммунизм.
В день великого торжества братского киргизского народа, в счастливый день его истории,
из нашей солнечной Алма-Аты мы шлем пламенный привет и лучшие пожелания
трудящимся родной Советской Киргизии.
АБАЙ МҰРАСЫ ЖАЙЫНДА
Абайды тану - жалпы қазақ әдебиетін тану тәрізді әлі жас ғылым. Оның жетіскен шама-
шарқымен қатар, әлі олқылығы, кемшілігі де көп. Бірақ бұл үрдіс өсіп келе жатқан және
қазақ әдебиетінің өзге тарауларын тануымыздан көрі өнімдірек өскелеңдеп келе жатқан
ғылым тарауы екенін де жұртшылық біледі. Бізде Абайды тану жұмысына тек әдебиетші
ғана атсалысып отырған жоқ, тарихшылар, тілшілер, көркемөнер зерттеушілері,
педагогтар, тағы да осыларға жалғас әр саланың мамандары тарапынан үлестер қосып
келеді.
Басы әдебиеттік зерттеулерден бастап, жаңағы айтылған әр салада Абайды
зерттеушілердің бәрін алсақ, барлық тобымыз да, алғашқы кезеңдермен салыстырғанда,
өсе түскен, жұртшылық тани түскен табыстарымыз жоқ емес. Сонымен қатар алғашқы
зерттеу кезеңдерінде сол аталған топтың ішінде әрқайсымыз да әр дәрежеде және әр алуан
қателіктер болғаны да рас. Бірақ қателесе жүріп - іздендік, іздене жүріп - өстік. Абайды
тану ғылымы да соған орай әуелгі шалағай, қателігі мол сатыдан басталып, бері басқан
сайын біртіндеп өсе түсті. Сөйтіп, зерттеушілік ойлар өсумен қатар, Абайды тану ғылымы
да аздап кеңейіп келеді дейміз.
Бірақ шын мол сапалы еңбек нәтижелерін беру жолында әлде де алдарымызда тұрған
қарыз - міндеттер көп. Сондықтан жоғарыда Абайды танудың олқылығы көп дегенді әдейі
алға салып айтып отырмыз.
Сондай ретте ойлауды керек ететін жайдың бірі - Абайдың мұрасы турасында. Бұл жөнде
зерттеу, сынау, ойлау керек болатын жайлар; аз емес. Қай шығарма Абайдың қай кезеңіне
тиісті, қайсысы Абайға қонымды емес, оған сыйымсыз деген жайлардан да күдік айтуға
болады.