Қазақстанның ашық кітапханасы
8
3.13. Вансунь Цзя сұрады: — Мәтелде: "Батыс аймағындағы ао (деп аталатынға) бас
игенше, Цзао әулетінің аруағына дұға оқыған артық"— дейді. Солай ма? Ұстаз жауап
берді: — Олай емес. Егер көгілдір Көк алдында күнәлансаң, онда жалбарынғаның
пайдасыз.
3.14. Ұстаз айтты: — Чжоудың ордасын екі династия тұрғызған. (Оның жоралғысы)
қандай көрікті де жарасты! Мен Чжоудың рәсімін құптаймын.
3.15. Ұстаз (Чжоу-гуннің) Үлкен ордасына кірісімен, не істелініп жатқаны туралы бәрін де
тәптіштеп сұрай бастайды. Біреуі айтты: — Цзоуда тұратын адамның баласы Ережелерді
жақсы біледі, деп осы кім айтқан еді? Үлкен ордаға кірісімен, ол ұсақ-түйекті түгел
сұрастыра бастады. Ұстаз мұны есітіп жауап береді: — Мұның өзі Ережелерден дәл
туындайды.
3.16. Ұстаз айтты: — Садақтың жебесін атқанда теріні тесіп өткізу,— басты шарт емес.
Адамдардың күші бірдей емес қой. Бұрынғы аталар Жолының ұқтырары осы.
3.17. Цзы Гун әрбір айдың бірінші күнін жариялауда қойды құрбандыққа шалатын рәсімді
өзгертпек болады. Ұстаз айтты: — Тәйт! Сен мына қойды қалап тұрсың, ал мен — рәсім
жоралғыны ұнатамын.
3.18. Ұстаз айтты: — Егерде әміршіге қызмет етуде рәсім жоралғысы толық орындалса,
адамдар мұны жағынушылық дейді.
3.19. Дин-Гун сұрады: — Айта қойшы, әмірші нөкерлерін қалай пайдалану керек, ал
нөкерлер әміршілерге қалай қызмет етуі керек? Кунд-цзы жауап берді: — Әмірші
нөкерлерін Ережелерді негізге алып жұмсайды; нөкерлер болса, әміршіге аянбай беріліп
қызмет етеді.
3.20. Ұстаз айтты:—"Қалыңдықты кездестіру" әні көңіл көтереді, жолдан тайдырмайды;
мұңайтады, жараламайды.
3.21. Ай-гун Цзай Водан мехрап топырағына отырғызған ағаштар туралы сұрады. Цзай
Во жауап берді: — Халықты абыржыту үшін Ся (династиясы) кезінде — қарағайлар, Инь
(династиясы) кезінде — кипаристер, Чжоу (династиясы) кезінде каштандар талшықтары
отырғызылған. Мұны есіткен, Ұстаз (Цзай Воны сөгіңкірей) айтты: — Істелінген нәрсені
айта бермейді. Істелінгенге қарсылық білдірмеу керек: өткенді кінәламайды.
3.23. Ұстаз музыка туралы "ата кеңесшіге" мынаны айтты: — Музыка — оны білуге
болатындай! Музыканы ойнай бастағандар, онымен тұтас сіңіседі. Десек те, музыкаға
еркіндік берсе, ол әдеттегідей бірдей және жеңіл, жарық та, ауыр сияқты. Осы күймен
аяқталады да.
3.24.
И
мекеніндегі
шекара қызметінің бастығы (Ұстазбен) кездеспек ниетпен мынаны
айтты: — Бекзат қайраткерлер келгенде, мен әрқайсысымен кездесетінмін. Шәкірттері
(Ұстазынан) оны қабылдауды өтінді. Ұстаздан шыққасын бастық айтты: — Сіздер неге
шенеуніктік мәртебе өздеріңізде жоқ деп орынсыз қобалжисыздар? Көк Аспан әлдеқашан
Дао-Жолдан арылды, жақын таяуда Аспан Сіздердің Ұстаздарыңды қоңырау етеді.