Қазақстанның ашық кітапханасы
5
2.2. Ұстаз айтты: — "Өлеңдер (Кітабында)" үш жүз шумақтар — олардың мәнін әрбір сөз
тізбегімен бағаласақ, онда "таза ойлар жоқ" деп айтар едік.
2.3. Ұстаз айтты: — Егерде халықты заңға негізделген басқару жолына (енерлік) бағыт
көрсетсек және жазалайтын (қоқан-лоққы) тәртіпті қолдасақ, онда халық сазай тартудан
қашқалақтайды да, ұят (сезімінен) арылады. Егер халықты қайырымдылыққа негізделген
басқару жолына (енерлік) тәртіпке көндірсек және Ережелерді (пайдаланатын) жолдың
тәртібін қолдауға үйретсек, онда (халықта) ұят сезімі оянады да, ол жөнделеді.
2.4. Ұстаз айтты: — Он бес жастан мен ниетімді оқуға арнадым. Отыз жаста аяғыма
тұрдым. Қырық жаста күдіктен арылдым. Елу жасымда Аспанның желісін таныдым.
Алпыс жасымда шындықты жалғаннан ажыратуды үйрендім.Жетпіс жасымда жүректің
ырқына көндім де, шамадан шықпадым.
2.5. Мэн Ицзы балалық қошеметтеушілік туралы ой-пікірді қалай түсінуге болатынын
сұрады. Ұстаз жауап берді:
—
Ережелерді бұзбағын. Фань Чи Кунд-цзы мінген арбаны айдайды. Ұстаз
айтты: — Мән Ицзы менен балалық қошеметтеушілік туралы сұраған еді.
Мен: Ережелерді бұзбағын,— деп жауап бердім. Фань Чи сұрады: — Бұл
сөздерді қалай түсінуге болады? Кунд-цзы жауап берді: — Ата-ананың көзі
тірісінде оларға Ережелер аясында (?) қызмет ет; олар қайтыс болғанда
Ережелердегі рәсім - салтты орындап жерге көмгін, ас бергін.
2.6. Мән Уби балалық қошеметтеушілік туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Әке мен ана
балаларым тек ауырмаса екен деп тілейді.
2.7. Цзы Ю балалық қошеметтеушілік туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Енді
(кейбіреулер) балалық қошеметтеушілікті өздерінің ата-анасын асырау ғана деп ұғынады.
Олай десек, иттер мен биелер де асырайды ғой. Егер ата-анаға деген қошамет терең
құрметсіз істелінсе, онда мұндай берілушіліктің айырмашылығы неде?
2.8. Цзы Ся балалық қошеметтеушілік туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Үнемі
қуанышты жеткізу қиын-ақ. Егер кішілер жұмыстағы қамқорлықты өзіне алса, ал
үлкендер шарап пен тамақты иемденсе, мұны балалық қошаметтеушілікке жатқызуға
болады ма?
2.9. Ұстаз айтты: — Мен күні бойы Хуэеймен сөйлестім. Ол болса түк білмейтіндей маған
бірде қарсы келген жоқ. Ол кеткесін оның өмірлік жолын байқап пайымдасам, Хуэйдің
тіпті ақымақ еместігіне көзім жетті.
2.10. Ұстаз айтты: — Оның қылық әрекеттерін бақылаймын, іс-әрекетке түрткі болатын
себептерді талдаймын, оны жұбататын не екенін анықтаймын. Мұндай адам өзінің қыры
мен сырын жасыра алады ма?
2.11. Ұстаз айтты: — Кімде-кім ескіні қайталай, одан жаңаны таба алса, ол жетекші
болуға лайық.
2.12. Ұстаз айтты: — Бекзат қайраткер (ұлық) құрал емес.