Қазақстанның ашық кітапханасы
4
қатынаста шыншыл болса, онда оларды парасаттылықтың иегері деп айтпаса да, мен
сауатты дер едім.
1.9. Цзэн-цзы айтты: — Егер ата-ананы жерлеудегі күллі қайғылы рәсімді мұқият сақтасақ
және бабалардың рухын жадымыздан шығармасақ, онда халықтың ақылағы жөнделе
бермек.
1.10. Цзы Цинь Цзы Гуннан сұрады: — ұстаз қай мемлекетте болмасын үнемі басқару
тәсілдерін білуге ынтық болды. Иә, ол бұған өзінше ұмтылды ма, әлде біреу оның есіне
салды ма? Цзы Гун жауап берді: — Ұстаз діттегеніне әрдайым түгел жетті, өйткені ол
мейірімді, ашық, құрметті, қарапайым және келісімпаз болды. Оның талпыныс дәйегі
өзгеше еді.
1.11. Ұстаз айтты: — Әкесінің көзі тірісінде, оның (баласының) талпынысын байқа; әкесі
өлген соң, оның (баласының) мінез-құлқын байқа. Егер ол үш жыл бойы әкесінің Дао - Ақ
жолынан шықпаса, онда мұны ұлдың құрмет қошаметі деуге тұрарлық.
1.12. Ю-цзы айтты: — Ережені жүзеге асырарда түрлі пікірлердің бірлестігіне жету — өте
құнды. Алғашқы әміршілердің Дао – жолы осы рәсіммен тартымды. Олар үлкен - кіші
істерді осы ұстанымға сүйеніп меңгерді. Егер жүзеге аспас істер кейде кезіксе, олар, түрлі
пікірлерден бірлестікке жеткізер талапты меңгере отырып, діттегеніне жеткен. Бірақ
Ережеден тыс шеңберде бірлікке жету мүмкін емес.
1.13. Ю-цзы айтты: — Егер (біреу) адалдығымен әділеттілікке жақындаса, оның сөздеріне
еруге болады. Егер (сен) құрметтеумен Ережеге жақындасаң, онда ұятсыздық пен
масқаралыққа ұрынбайсың. Егер (сен) туыстық сезімдерден арылмағандарға сүйенсең,
одан сенімділігің артады.
1.14. Ұстаз айтты: — Егер бекзат кісі асқа бір тоюды ойламай, сәнді үй-жайды аңсамай,
істерде ықыласты, сөзге салмақты, Дао – Жолға түскендермен жақындасу үшін оз
кемшілігін жөндей білсе, ондай адам үйренуді ұнатады.
1.15.Цзы Гун сұрады: — Егер адам кедей, бірақ жағымпаз болмаса, бай, бірақ асқақ шадыр
болмаса, ол туралы Сіз не айтасыз? Ұстаз айтты: — Жаман емес! Бәрі бір (Дао - Жолға
түсіп) қуанышты сезінген жанды кедеймен, ал Ережені ұстайтынды баймен салыстыруға
болмайды. Цзы Гун сұрады: ("Кітаптағы) өлеңдерде" сол туралы айтпайды ма:
Піл сүйегін алдымен кесіп, бұйымды содан өңдейді,
Яшманың жылтырлап қырын үйлестіре теңдейді.
Ұстаз жауап берді: — Бәрекелді! Сенімен ақыры "Өлеңдер" туралы да әңгімелесудің реті
келді ғой. Егер мен өткенді айтып жатсам, сен болашақта не боларын болжай аларсың.
1.16. Ұстаз айтты: — Адамдар сені біле бермейді деп, қайғырма. Өзің адамдарды
білмейтініңе ренжі.
2-тарау. "Басқаруды жүргізу..."
2.1. Ұстаз айтты: — Басқаруды қайырымдылыққа сүйеніп жүргізу,— Құс жолына
ұқсайтындай. Ол темірқазықтай өз орнында, ал қалған жұлдыздар оны айналып
қозғалады.