Page 25 - ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ. КУН ФУ-ЦЗЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
25
Кун-цзы айтты: — Цю! Адамдар өзінің ынталы ниетін жасырғанда, әрі оны сылтау
сөздермен бүркемелесе, оны Бекзат кісі ұнатпайды. Менің естуімше, мемлекетті немесе
үлкен ақсүйек топтарды басқаратындар (байлықтар) жетіспейді деп қам жемей, олар тең
бөлінбейді деп мазасызданатын көрінеді; олар халықтың аздығына қам жемей, (елдегі)
тынымсыздыққа мазаланатын көрінеді. Егер байлық бірдей бөлінсе, онда кедейлік болмас
еді; егер (түрлі ойдың) пікірталасында бірлестік (ұстанымы) орнықса, онда халық
азаймайды; егер (елде) тыныштық болса, онда (патшалар үшін) қауіп-қатер жойылады.
Егер де бәрі де дәл (Цзиши) айтқандай болса, онда алыстағы бағынбаған тұрғындарды
вэнь – мәдениетпен ізгіліктер арқылы өзімізге тартуға болар еді. Егерде оларды осылайша
ішке тартса, онда тыныштық орнамақ. Мына сіздер, Ю мен Цю енді қожайындарыңа
өздерінше жәрдем етесіңдер, бірақ алыс (мекендердің) тұрғындары бағына бермейді, ал
қожайын оларды жақындата алмады, оның иелігінде алауыздық күшеюде, (ол болса) одан
құтыла алмауда, оның үстіне ел ішінде соғыспақ ниетте. Мен Цзисундегі қатерлер
Чжуаньюде емес, патша сарайының қамалындағы опаттан деп күдіктенем.
16.2. Кун-цзы айтты: — Аспан астыңдағылар қашан Дао- Жолға түссе, онда жүріс-тұрыста
күшіне енетін Ережелерді, музыканы, бұйрықтарды Көк Аспан перзенті шығаратын
болады. Дао-Жол қашан Аспан астында түйіссе, онда күшіне енетін Ережелер, музыка,
бұйрықтар чжухоудан шығады. (Олар) чжухоудан шыққасын, биліктің он ұрпақ (өмірінің)
мерзімінде ықпалын сақтап қалуы кемде-кем. Егер (олар) дафудан шықса, онда биліктің
бес ұрпақ (өмірімен) ұштасуы да сирек. Елдің тағдыры пэйчэней — бағынышты
малайлардың қолына тисе, онда биліктің үш ұрпақ (өміріне) созылуы кемде-кем.
Аспан астыңдағылар қашан Дао-Жолға ілескенде, онда
дафу
басқару жұмысымен
шұғылданбайды. Аспан астыңдағылар Дао-Жолға ілескенде, қарапайым адамдар оның
(басқару әдістерін) айыптамайды.
16.4. Кун-цзы айтты: — Достасу үш жағдайда — пайдалы да, үш жағдайда — зиянды.
Досың ашық, адал және көп білетін болса, бұлар пайдалы. Егер жолдасың қараниетті,
жалтарғыш жөне мақтаншақ болса, онда — зиянды.
16.5. Кун-цзы айтты: — Қуаныштың үш түрі пайда әкеледі де, үш түрі зияндыққа
ұшыратады. Ережелер мен музыканы (байыппен) орындап қуану, басқа адамдардың
жетістіктерін айтып қуану, дана адамдармен өзінің достығына қуану — бұлар пайдалы.
Шашылып-төгілгенге мәз болса, бос жүргеніне ойланбай қуанса, той-думандағы
қыдырғанына мастан қуанса,— бұлар зиянды.
Кун цзы айтты: — Бекзат кісі үш жамандықтан сақтанар: бозбала кезінде бойында қан мен
өмірлік қуат қалыптаспағанда — сүйіспеншілік отына ұрынбауы, ересек жаста, қан мен
өмірлік қуат бір қалыпқа түскенде — төбелестен тартынуы, қартайғанда, қан да, өмірлік
қуат та сұйықталғанда — ашқарақтықтан сақтануы керек.
16.8. Кун-цзы айтты: — Бекзат кісі үш жағдайда үрейді сезінеді: көк Аспан қаһарына
ұшырағанда, ұлы адамдар алдында және ділмәр даналардың сөзін есітерде іштей
жиырылады. Ұсақ адам көк Аспан сұсын ұқпай, оның алдында толқыған үрейді
сезінбейді, ұлы адамдардан именбейді және ділмәр даналардың сөздерін елең қылмайды.
16.9. Кун-цзы айтты: — Кім туа біткен білімдерді иеленсе, ол бәрінен де жоғары; одан
кейінгіге қиыншылыққа ұрынып, ілімге кіріскендер жатады. Кім қиыншылыққа ұрынса
да, ілімді білуге талпынбаса, халық оларды ұсақ-түйек топқа жатқызады.