Қазақстанның ашық кітапханасы
24
15.27. Ұстаз айтты: Жылтыр сөздер ізгі іске қауіпті. Ұсақ-түйек (істерге) мән бермеген,
үлкен ниетті бұзады.
15.28. Ұстаз айтты: Егерде біреуді бөрі жек көрсе, оны міндетті түрде тексеру керек;
егерде біреуді бәрі жақсы көрсе, оны да (өзің) міндетті түрде тексеруің керек.
15.29. Ұстаз айтты: — Адам Дао-Жолды көтермелей алады, ал Дао-Жол адамды
көтермелей алмайды.
15.30. Ұстаз айтты: — Жөнделмеген қателіктердің дәл өзі — қателік.
15.31. Ұстаз айтты: — Тамақтан қалып, ұйқы көрмей күндіз-түні толғаныста өткізген
кездерім болды. Бәрі де жұбанышсыз бекер өтті. Оданда оқыған артық!
15.(31)32. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі дәм туралы емес, Дао-Жол туралы ойланады. Жер
жыртқандардың өздері де аштыққа ұшырайды. Кім оқыса, оларға жалақы да төленеді.
Бекзат кісіні кедейшілік емес, Дао-Жолды иемдену ойландырады.
15. 34. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі ұсақ-түйекке үңілмеуі мүмкін, бірақта ол үлкен
жауапкершілікті мойнына алуға дайын; кісілігі кенже ұсақ-түйекті талдай білсе де, үлкен
жауапкершілікті өзіне алудан жалтартады.
15.35. Ұстаз айтты: — Халыққа адамсүйгіштік су мен оттай қажет-ақ. Мен суға және отқа
түскендердің мерт болғанын көрдім, ал адам сүйгіштен құрбан болғанды әлі көрмеппін.
15.39. Ұстаз айтты: — Оқуда шығу тегі бойынша айырмашылық болмайды.
15. (39) 40. Ұстаз айтты: — Дао-Жолдар ажырағанда, жалпы жоспар жасалынбайды.
16-тарау. "Цзиши..."
16.1. Цзиши Чжуаньюйга шапқыншылыққа дайындалды. Жань мен Цзы Лу Кун-цзыға
келіп, отан мәлімдеді: — Цзиши Чжуаньюй қарсы жорыққа шықпақшы. Кун-цзы айтты:
—
Цю! Бұл сенің кінәң емес пе? Ертеректе патшалар Чжуаньюйды әдейі Дунмэн
тауындағы құрбандық шалу рәсіміне жауапты етіп тағайындады; (?) оның үстіне
Чжуаньюй (өзіміздің) патшалық (Лy) жерінде болғасын, отан бағынышты еді. Отан
қалай шабуыл жасамақ? Жань Ю жауап берді: — Біздің қожайын осылай істегісі
келді. Екеуміз де мұны қалап отырған жоқпыз.
Кунд-цзы айтты: — Цю! Чжоу Жэнь айтушы еді: "Егерде қабілетіңді көрсеткің келсе, оны
жөнімен көрсет, ал егерде көрсете алмасаң, онда орныңнан кеткің". Адам қауіпке
ұшырағанда,— сіз оған қол үшін бермесеңіз, ол құласа,— сіз оны көтермесеңіз, онда
мұндай көмекшілердің пайдасы бар ма? Сіздің қатеңіз — айтқан сөздеріңізде. Егер
жолбарыстар мен мүйіз тұмсықтар қоршаудан босанып кетсе, ал тасбақа қабығы мен
яшма (құндылықтары) сандықшасында шытынап жатса, оған кім кінәлі? Жань Ю айтты:
—
Чжуаньюй бүгінде күшінде, оның тұрағы Биден қашықта емес. Егер оны қазір
басып алмаса, онда (Цзи отбасы) немерелері ақыры одан қиыншылықты көп көреді.