Page 8 - БАБАЛАР СӨЗІ. ЕР ТАРҒЫН (ҚАЗАН БАСЫЛЫМЫ)

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
8
оғыңды атып едім, өзімнің ерлігімді білдірмек үшін. Егерде ақылың болса менім
аяғанымды білер де, қызды тастар да, жүре берер, – деп. Сен менің аяғанымды білмедің,
ендеше барып тұр! Жаңадан өзіңді тура атамын, – деді.
Сонда Тарғын ойлады: «Мұның мұнысы рас екен. Бұл ғой менің өзімді байлап атса,
таудай өзіме, таудай атыма тигізбей ме? Аяғаны рас екен, мен мұның қадірін білейін», –
деді де, қызды тастады да жүре берді. Сонан Қожақ қыздың қасына келіп еді, қыз атынан
түсіп, киімін басына бүркенді де жылай берді. Сонда Қожақ айтты: – Сен неге жылайсың,
сен мені қарт деп жылаймысың, жә болмаса жаман деп жылаймысың? Әкеңнің айтқан
уәдесі бар. Кім қызымды қуып жетіп айырса, сол өзі алсын. Егерде өлтірсе де құны жоқ
деген, көп жылай берсең, басыңды қылышпенен кесіп жүре берермін, – деді. Қарт та
болсам мен жек көретұғын қарт емеспін, һешкімнен де кем емеспін, – деп. Сен бүйтіп
жылай бергенше, тұр, жылама! Басыңдағы бүркенгенің [ді] ал, өзіңді маған көрсет.
Басыңды да, қасыңды да, бойыңды да, қабағыңды да, жарасаң аламын, егерде бір жерің
жарамаса да алмаймын, – деді. Сонда қыз толғап айтады:
180
– Ей, қарт Қожақ, қарт Қожақ!
Атыңның басын тарт, Қожақ!
Менің немді сұрайсың?
Бұқар барсаң, қолаң бар,
Қолаңды көр де, шашым көр!
Зергер барсаң қасында
Алтыннан соққан түйме бар,
Түймені көр де, басым көр.
Молдаға барсаң, қасында
Қиюлы жатқан қалам бар,
190
Қаламды көр де, қасым көр!
Емран барсаң, пісте бар,
Пістені көр де, мұрным көр!
Һәр шаһарға қарасаң,
Құрулы тұрған күзгі бар,
Күзгіні көр де, көзім көр.
Самарқан барсаң, сандал бар,
Сандалды көр де, тісім көр!
Ұсталарға барсаң қасында,
Тартулы жатқан сымдар бар,
200
Сымды көр де, қолым көр!
Тоғайға барсаң, тоғайда
Домаланған қоян бар,
Қоянды көр де, жоным көр!
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр!
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр!
Мен Қырымның ішінде
Ақшаханың қызы едім.
210
Ата менен анамның
Асыранды қазы едім.
Қойда бағлан қозы едім,
Жылқыда шаңқан боз едім.
Қытай менен Қырымнан