Page 7 - БАБАЛАР СӨЗІ. ЕР ТАРҒЫН (ҚАЗАН БАСЫЛЫМЫ)

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
7
140
Жасанған, жауға қол салған,
Ортадан ойып жол салған
Қарт Қожақ деген ер едім.
– Өзің үлкен данасың,
Өрттей қаулап жанасың.
Ерлігіңнен мінің жоқ,
Ер де болсаң бұл қызды
Нағылып менен аласың?!
Сонда Қожақ сөйледі:
– Алда тізгін оңдаса,
150
Көк сүңгіні салармын.
Балдағы алтын ақ берен
Қызыл қанға малармын.
Тәңірі тізгін оңдаса,
Не көрмеген бейбақпын,
Ер де болсаң алармын.
Жер жазығы төмен-ді,
Сені қорқақ демен-ді.
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
160
Қалаған жерден атамын.
Айтпай туған ер болсаң,
Кезегімді бер енді.
Сонда Тарғын сөйлейді,
Толғай мойнын бұрады,
Әңгіме-дүкен құрады.
Бұл жанынан қорқар ер емес,
«Кезегін баба алсын» деп,
Қарт қояндай қасқарып,
Қарсы қарай тұрады,
170
Шошынып тізгін жимады.
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Жау жағадан алған соң,
Беренге батыр симады.
Бұ сықылды батырды
Қарт Қожақтай еріңіз
Атарына қимады.
Аруақты туған ер дағы
Тарғынды Қожақ сыйлады.
Тарғын бұ Қарт Қожаққа кезек беріп, «атсаң ат» деп, қарсы қарап тұрып еді, Қожақ мұны
сыйлап атарға қимайды: – Не үшін десеңіз, мен алпыс беске келген, сақалым қуарған бір
қарт шалмын. Қой, жас болса да қасындағы Ақжүністей сұлуды қиып, һәм өзінің жанын
қиып, маған қарсы тұрды, бұл бек батыр екен, мұның өзін де атпайын, атын да атпайын,
тек мұның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын жалғыз доғал оқпенен атып уатайын,
соныменен өзімнің оны аяп атпағанымды білдірейін. Сонан бұл ақылды болса, ойлап
білер де, қызды маған тастар да жүре берер, – деп, бір жалғыз доғал оқпенен салып
қалғанда, Тарғынның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын шіл пара қылып, уатып кетті.
Сонан соң Тарғын «кезегің болды ма?» деп, қылышын суырып Қожаққа дүрсе қоя берді.
Қожақ айтты: – Тоқта! Менің кезегім біткен жоқ, – деді, – мен сені аяғаннан өзіңді атпай