Қазақстанның ашық кітапханасы
- Біз қазір парасат патшалығының дүниеге келу сәтін бастан кешіріп отырмыз.
- Сіз адам психологиясын нашар білесіз. Адам қарекетінің негізгі бөлігі, бұрын өткен
көптеген ғасырлардағыдай, сезімнен туындай береді.
- Парасат үстемдік еткенде халық арасынан шыққан жақсы, тамаша, адал да шарапатты,
алғыр адамдар төңкеріссіз, дүрбелеңсіз қоғамдық істер ахуалын өзгерте алады.
- Бұған сенетін адам, жыртқыш аңдар көгершіндер сияқты момақан бола қалады дегенге
оп-оңай сене салады. Егер біз жалғастыра түссек, онда сіздің бүкіл әдебиетіңіз жалған
қағидаларға негізделген болып шығады. Ал сіздердің сүйкімді бәйбішелеріңіз "табиғи
адамның" жақсылықтары және тағы басқа түкке тұрғысыз нәрселерді тілге тиек еткенде
елжіреп кетеді. Олар не туралы айтып отырғанын өздері де білмейді. Күмәнданбай-ақ
қойыңыз: келесі ғасырда да адамдар бүгіндері қандай болса, сондай болып қала береді.
Сіздердің философтарыңыз соншалық армандайтын жаңа дәуір шапағы шашырамайды.
Үшінші біреу жауап берді: "Тамаша, осының бәрі шындық. Қазір де, жалпы қай кезде де
охлократия ұзақ басқаруға қабілетті емес. Сіздікі де дұрыс: біздің философтар жырлаған
тыныштық пен жақсылық идиллиясы ертегіні еске түсіреді. Бірақ осының бәрінің артында
не тұрғанын қараңызшы, сонда сіз жеңіске жетуге, сөйтіп бізді қазір басқарып
отырғандардың орнын басуға ұмтылған олигархияның туындап келе жатқанын көресіз.
Жаңа олигархияның жеңіп шығатыны күмәнсіз, өйткені күш пен қайрат соның жағында.
Ескі аристократия жеткілікті күшті және сонымен бірге жеткілікті дәрежеде ақылды,
толерантты болған жағдайда, олигархия жеңіске қантөгіссіз жете алады.
Si vis расет para
belhim
(тыныш өмір сүргің келсе - соғысқа дайындал) деген сөзді еске түсірейік, ол бұл
жағдайда, бір жағынан, тайсалмай күресуге дайын болу керек дегенді, екінші жағынан
плебейлерден шыққан және жаңа аристократияны қалыптастыруға дайын баршаны дер
кезінде өз қатарларыңа қабылдап үлгер дегенді білдіреді. Және керісінше, мұндай ауысу,
егер ескі аристократия кіресілі-шығасылы есі бар ахуалға тап болып, бір жағынан
парықсыз лепірген гуманистік декламациялармен өзін қарусыздандырып, әлсіретсе және,
екінші жағынан, жаңа аристократияны кеудеден итеріп, осынысымен, оны шайқасуға
мәжбүр етсе, ол көл-көсір көз жасы мен қантөгіске душар болады".
Төменде келтірілетін факт екі көзқарастың да (Парето мен Панталеонидің социализмнің
табысқа жету мүмкіндігі туралы пікірлері - Ред.) дұрыс екендігін және бір-біріне кереғар
еместігін көрсетеді.
Де Токвиль "Француз революциясы діни революция ретінде де әрекет еткен, ал кейбір
нәрседе оның әлпетін қабылдаған саяси революция болды" - деп атап өтеді. Бүл арада
оның байламының дұрыстығына күмән тудыратын нәрсені, яғни Француз революциясы
озық таптар дайындаған, бірақ олардың ырқына кереғар жасалып, билікті жаңа таңдаулы
таптың буржуазияның қолына берген діни революция болды деген идеясын байқамай
қалуға болады.
Ұлы француз революциясы Вольтер мен энциклопедистердің перзенті еді. Мұның
әділеттілігі шамалы және ол белгілі бір мағынада гуманистік скептицизм жоғары
таптарды әлсіретті деген мағынада ғана. Вольтер мен энциклопедистердің төменгі
таптарға ықпалы мүлдем дерлік болған жоқ. Революция негізінен төменгі таптардың діни
сезімдерінің (кең мағынада түсінілген) жоғары таптар скептицизміне жауабы ғана болды.
Осыған ұқсас құбылыстар ішінара Реформация заманында орын алды. Ол кезде жоғары
теократиялык таптар скептик болып кетті. Рим папалары рухани істерден гөрі, дүниауи
мүдделерді әлдеқайда көп қаузап кетті. Реформаның Еуропаның солтүстік бөлігіндегі
неғұрлым дөрекі халықтарында басталғаны кездейсоқ емес, онда діни христиандық