Қазақстанның ашық кітапханасы
ниеттерін білдірмейді. Ол өзін барлық езілгендердің көшбасшысы ретінде көрсетіп,
құқықтарды тек өзіміз үшін алғымыз келіп жүрген жоқпыз, жалпыға ортақ игіліктер үшін
күресеміз, бір таптың құқықтары үшін емес, азаматтардың орасан зор көпшілігінің
құқықтары үшін төте шабуылға шықтық деп сендіреді. Әлбетте өз-өзінен белгілі, жеңіске
жеткен соң олар өздерінің бұрынғы одақтастарын құлдыққа салады немесе ең тәуір
дегенде оларға пошымдық есе беруге көнеді.
Ежелгі Римдегі патрицийлар мен плебейлер арасынан шыққан аристократияның
қатынастарының тарихы осындай. Осы заманғы социалистер әділ атап көрсетіп
жүргеніндей, қала буржуазиясының феодалдық аристократиямен күресінің тарихы да
осыған ұқсас болды.
Профессор Панталеони өзінің соңғы мақалаларының бірінде социализмнің жеңіп шығу
мүмкіндігін жоққа шығарады; мен, керісінше, оның жеңіске жетуі мүмкін, тіпті сөзсіз
дерлік жеңіп шығады деймін. Бүл позициялар қарама-қарсы сияқты болып көрінеді,
алайда тіптен де олай емес, өйткені біз әр түрлі нәрселер туралы жазып отырмыз.
Панталеони бұл арада социализмді субъективті феномен ретінде түсініп отыр, ал мен оны
объективті құбылыс ретінде түсінемін. Мәселенің мәнісі бойынша біздің көзқарастарымыз
сәйкес келеді.
Иудеяда алғашқы христиандық қауымдар пайда болған заманда әлдекім былай ойлай
алатын секілді көрінеді: "Олар ешқашан дүниенің қожайыны бола алмайды. Адамдар
арасында күндердің күнінде дәулеттің, жер меншігінің және әлеуметтік жағдайдың қандай
да бір теңсіздігі жойылады дегенге сенім аңғырт ертегі сияқты болып көрінеді. Адамдар
күндердің күнінде шынымен бауырлас болып шығады, олар кез-келген сезімдік ләззаттан
бас тартады және әйел тәнінен тек мәңгілік өмір жарығын көретін болады дегенге сену
ақымақтық. Мың жылдан кейін де бұрынғысынша байлар мен кедейлер, корольдер мен
олардың бодандары күштілер мен дәрменсіздер болатынына күмәнданбай-ақ қойыңыз.
Қам жемеңіз: қазір өмір сүріп жатқан адамдардың көбісі бұрынғысынша тек қарынның
қамын ойлайды, ойнас жасауға құмарлығын қоймайды, ашуға булығады; жаңа бауырлар
нақ өздерінің бауырларының опасыздығынан өлетін болады". Сол адам сондай-ақ:
алғашқы христиандар елестететін Христ Патшалығы әрқашан оның қайтып келу
мүмкіндігінен алшақтата беріледі дей алар еді және онысы дұрыс та болар еді. Бірақ ол,
фактылар көрсетіп отырғанындай, христиандық жеңеді десе де дұрыс айтқан болар еді.
Бір атау мүлдем әртүрлі нәрселерді нобайлайды.
Бізге жақсы таныс, уақыт жағынан да бізге таяу тағы бір қызықты салыстыруды келтіруге
болады. Өзімізді 1789 жылғы революция қарсаңындағы Францияда екенбіз және екі
адамның әңгімесін естіп тұрмыз деп есептейік:
- Мемлекетті қайта құруға ұмтылған осынау барлық құрметті адамдар бәрібір
арманшылдар. Әлгі
қоғамдық шарт
дегенге кім сенбек?
- Ортақ ырық қателікке соқтыра алмайды.
- Тамаша! Сондықтан да олар кеселді соқыр сенімдер болып шыққан нәрселерді өрескел
қателік демейді. Ал кейбір жерлерде мұндай соқыр сенімдер тұтас бір халықтарды
қамтыған ғой?
- Адамдар жақсы болып туады, бірақ священниктер мен корольдер оларды жаман қылады.
- Бірақ бұл ертегіге кішкентай бала да сенбейді. Егер сіздің жаңа үкіметіңіз адамдар
бойындағы осынау жақсы бастауларға бағдар ұстамақ болса, олар өмірде орныққанша
талай мыңжылдық өтуге тиіс.