Қазақстанның ашық кітапханасы
25
қандай болуға тиіс екендігін айқындау мүмкін емес. "А" діни пошымы адамдар үшін "5",
"С" пошымдарына қарағанда пайдалырақ деген байлам жасауға тіпті болмайды. "Егер
адамның мінез-құлқын ең көп дәрежеде адами сезімдер туындататын болса, онда
толығымен дінге, атап айтқанда "А" дініне сүйену керек" деген байламды қисынсыз
түйіндер санатына жатқызу керек.
Алкогольдің бітіспес жаулары жануардың терісінің астына шарап инъекциясын жасаған,
ол біраздан соң дірілдеп-қалтырап өлген, осының негізінде адам шарап ішпеуі керек деген
логикалық қорытындыға келген! Олар адамдарға эксперименттік бақылау жүргізіп, адам
алкаголь дозасын қабылдағаннан кейін біраз уақыт жүйке дабылдарының миға жетуі
баяулайтынын байқаған. Осыған сүйене отырып, олар жүйке жүйесі үшін алкоголь у
болып табылады, сондықтан адамдар алкогольден бас тартуы керек деп тұжырымдайды.
Егер осынау пікір қисын жағынан дұрыс болса, мысалға, "Тамақ ішкеннен кейін іле-шала
ас қорыту процесі басталады, бас енжар, жалқау бола түседі, ойлау операциялары
баяулайды. Демек, тамақ - жүйке жүйесі үшін захар, сондықтан адамдар одан бас тартып...
аштан өлуі керек" деген пікірді дұрыс деп мойындау керек болар еді. Егер, кейбіреулер
сендіретіндей, алкогольді ішімдіктерді ішу адамзат баласын тез жоятын болса, тек су
ішетіндерге бірнеше жыл күту қалады, өйткені табиғи сұрыпталудың арқасында дүниеде
тек ішпейтіндер ғана қалады. Бірақ, бір ғажабы Нұх заманынан бері мұндай нәрсе болған
емес.
Жалпы адамзат ынтымағы үшін "А" тобының индивидтері "5" тобының индивидтеріне
материалдық көмек көрсетуге міндетті дегенді кесіп айтады. Бүл орайда "А" тобы "В"
тобына көмектескеніне қуануға тиіс. Бірақ бүл жағдайда дәл сондай пікір бойынша, яғни
ынтымақ ниетімен "А" тобына шығын келтірмеу үшін "5" тобы бүл көмектен бас тартуға
тиіс, және бүл "А" тобында реніш туғызуға тиіс. Қоғам дегеніңіз табиғи тұтастық,
сондықтан оның "В" бөлігінің ауыр жағдайы оның "А" бөлігінің ахуалына эсер етпей
қоймайды деп кесіп айтады. Бұдан "А", "В" тобына көмектесуге, "В" тобын қолдап
отыруға тиіс деген қорытынды шығады. Бірақ бүл қорытынды қисынсыз, өйткені: 1). "А"
тобы гангрена басталған дене мүшесінен адамның құтылатыны сияқты, "В" тобынан
құтыла алады; 2) көмек "5" тобында азғындаған және айналадағы дүниеге бейімделмеген
индивидтердің көбеюіне апарып соқтыруы мүмкін, мұның өзі "А" тобына ғана емес, бүкіл
қоғамға зиян тигізер еді.
Мұндай пікірлердің қате екендігін көрсетіп жату - бос әурешілік. Мұнымен оған сүйенетін
адамдарды түзете алмайсың. Олар өз нанымдарын
a priori
ақтау үшін жаңа уәждер ойлап
табады. Сондықтан, сол адамдардың интеллектіне ықпал етіп, оларды өздерінің барлық
уәждерінен бас тартқызатын тамаша талдау ықпалын тигізетін тіпті ерекше жағдай туса
да, бәрібір ештеңе өзгерте алмайсыз. Олар бұрынғы уәждердің орнына жаңа, бәлкім тіптен
адам сенбес уәждерді ойлап табады. Ілуде бір ғана болмаса, мұндай жолмен адамдардың
мүлдем басқа қайнар көзі бар осындай нәрселерге сенімін шайқалта алмайсыз.
Тіпті позитивтік ғылымдар да діннің басып кіруінен аман қала алмады. Аса көрнекті
астроном Г. Файе күн жүйесінің шығу тегін қарастыра келіп, "Болмыс Кітабының
алғашқы тарауларына тиісті назар аудармай, тұрпайы дәуірді зерттей алмайсыз. Ол
адамзаттың парықсыз фетишизмнен, политеизмнің қызықты қисынсыздықтарынан,
астрологиялық қиялдардан бастамағандығын көрсетеді", деп атап өтуді қажет деп санады.
Сонда, бұл автор Бол мыс Кітабының алғашқы тарауы тұрпайы адамдарды суреттейді
дегенге шынымен сене ме? Ол ежелгі халықтар тарихы туралы зерттеулер туралы да,
алғашқы қауымдық құрылыс адамдары туралы да ештеңе естімеген сияқты! Ол өзінің
кітабын жердегі өмір аяқталады, бірақ "біз құдайлық үлгіге жақындауға тырысатын ақыл
туындылары үшін ондай ақтық сәт тумайды деп үміттенеміз, сенеміз. Оларға тіршілік ете