Қазақстанның ашық кітапханасы
24
шарап ішпейтін,
liberorum guaerendorum causa
'дан басқа ешқандай махаббат сезімін
білмейтін және тегінде, бірден-бір рахаты ынтымақ гимнін айту болып қалатын халық.
Осындай аскеттер социалистердің, гористердің (француз Конвентінде биік жерде отырған
депутаттар - Ред.) және ортодокс христиандардың арасында да кездеседі. Бірақ ресми
шіркеу өзінің доктриналарын рабайсыз әсірелеп жіберетіндерден әрқашан қашық тұруға
үмтылатын. Бірақ ортағасырлық хлыстардан бастап, әлем-жәлем янсениттермен ( XVII
ғасырдағы голланд дін ғалымы Янсенийдің жақтастары – Ред.) аяқталатын оларды бір
жерден қуса, олар басқа жерлерде пайда бола кетеді.
Италиядан көптен бері шетке шықпаған адам шетелдік өмірдің көптеген жақсы жақтарын
білмеуі мүмкін. Бірақ ол, білкім жоғарыда аталған экзальтацияланған адамдардың жын-
ойнақтары туралы да ештеңе білмес. Оның қазіргі аскеттердің ілімі туралы айқын түсінігі
болмауы, олар туралы әңгімені әсіре әңгіме де санауы да мүмкін. Италия антик римдіктер
заманынан қазірге дейін діндарлығы шамалы ел болып қалды, кім білсін, мүмкін
күндердің күнінде Италияда протестанттық Реформация тым ерте үзіп тастаған жаңа
Дәуірлеу басталып та кетер.
Спиритизм, оккультизм
және толып жатқан басқа да соқыр сенімдер талай
жақтаушыларын тапты және жалпы діни сезімнің ұлғаюына байланысты кең таралып
барады. Марс планетасы тұрғындарының тілінде жазатын бір науқас истерик әйелдің
фантазиясын шын деп қабылдайтын адамдар да табылып жатыр және олар бұл "ғылыми
дәлелдің" төңірегінде өздерінің конференцияларын ұйымдастырады, оларда мистицизмге
ғашық әйелдер мен бойжеткендер билеп-төстейді. Парижде періште Жәбрәйіл бір әйелдің
тілімен сөйлей бастапты-мыс, толып жатқан алаяқтар науқастарды мистикалық
манипуляциялармен емдейтін болыпты, егер бізде бүгіндері бұл оқиғалар туралы жазатын
Лукиан (ежелгі грек сатиригі - Ред.) болмаса да, Александр Д`Абонотекиа рөлінен
дәмелілер жетіп артылады.
Егер қоғам дағдарыстың ұлғая түсу кезеңіне тап болмаса, онда мұндай қиялдар азғана
адамдар тобының шегінен шықпайды және кең тарала да алмайды. Керісінше,
дағдарыстар кезеңінде олар қатты жаңғырық туғызып, бұқаралық қозғалыстарға дейін
өсіп кете алады.
Әдебиетте, өнерде және ғылымда мистицизм, "символизм" және басқа бәлду-батпақ
бірдеңе кең өріске шықты. Енді сіз өзіңізге лайық діни пошымды таңдап, мифтік
шығармашылықпен шұғылданып, өз гимніңізді жаза аласыз. Бірақ, сіздің ұсынған
гимніңізде мадақ жеткілікті болуы маңызды, әйтпесе жұрт сізді түсінбейді және бірде-бір
баспагер сіздің мадақ жырыңызды басып шығармайды.
Біздің жаңа мистиктеріміз қисынды пікір айта аламыз деп ойлайды, ал іс жүзінде
қисындылықтың көкесін көзіне көрсетіп, ежелгі мистиктердің бәдігін қайталаудан
басқаны білмейді. Мәселен, бір адамның Марсқа қоныс аудару тарихының шын сияқты
екенін дәлелдеу үшін олар "ғылым барлық құбылысты түсіндіре алмайды" деп мәлімдейді.
Солай екені рас, бірақ Тиций бір феноменді түсіндіре алмаса, бұдан Кардың түсіндіргені
дұрыс деген қисын шықпайды. Егер Тицийге найзағайды тудыратын себеп беймәлім
болса, онда бүл логика заңдары найзағайды Юпитер ойнатады деген Кар пікірін ақиқат
деп тануды талап етпейді. Басқа бір қулар: "Бұл дұрыс болуы керек, өйткені оның дұрыс
болғаны адамдарға тиімді" деген жеткілікті көне уәжді қайталайды. Осы арқылы адамның
қылығы парасаттан гөрі көбірек дәрежеде сезіммен жасалады деген көп ғасырлар бұрын
ашылған ақиқатты қуаттайды. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: әлеуметтік
тәртіпті сақтауда діни сезімдерге едәуір рөл тиесілі, бірақ әлеуметтік пайда мағынасында
алғанда қылықтың ұтымдылық және ұтымсыздық бастауларының ара қатынасының