Page 17 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
17
түсіну керек деп отырып алды. Нақты және субъективті құбылыстар арасындағы
кереғарлық коп жағдайда осылай көрінеді.
Тек осы екі құбылысты және олардың қалай үйлесетінін зерттеу жеткіліксіз. Біздің
алдымыздан нақты құбылыс субъективті құбылыстың өзгеруіне қалай ықпал ететінін және
керісінше субъективті құбылыстың өзгеруі нақты құбылысқа қалай әсер ететінін танып-
білуден тұратын тағы бір мәселе көлденеңдейді. Дарвинизм бұл сұраққа тым қарадүрсін
жауап береді. Ол, өкінішке қарай, ішінара ғана дұрыс. Бұл доктринаға сәйкес, егер сәйкес
келмейтін индивидтерді шығарып тастаса, объективті және субъективті құбылыстардың
сәйкестігіне қол жеткізуге болады.
Бұл екі арада егер біз осы тәрізді шығарып тастауды (элиминацияны) жоғарыда
қарастырылған мысалда жасасақ, афиналықтардың көріпкел сөздерін тәпсірлеудің бірін
екіншісінен неліктен артық көргендігін және Фемистокл бір тәпсірді табандап жақтағанда
сол болжалға шын сенді ме - біз мұны ешқашан біле алмаймыз. Егер бүгіндері осындай
бірдеңе бола қалса, болжалға шексіз сенім де, абсолютті сенімсіздік те байқалмас еді; ал
егер сонау бір заманда адамдар біздің замандастарымыз сияқты ойласа, онда олар нақты
себеп, атап айтқанда, афиналықтардың парсылардан теңіздегі басымдығы Фемистоклға,
оның өзі мұны сезінбесе де, өз ықпалын тигізді, сөйтіп алдымен өзін, одан соң басқаларды
да Құдай флоттың маңыздылығын меңзейтініне сендіре алды деп ұйғарар еді.
Қарастырылған мысал, бәлкім, біреулерге сәтсіздеу және тым айқын болып көрінер.
Осылай деп санайтындардың, өзге, неғұрлым жаңа, сипаты жағынан соған ұқсас мысалды
көргісі келетіні анық. Біз олардан мынаны сұраймыз: Францияда "1789 жылдың мәңгілік
принциптеріне" және "республиканы қорғау" ісіне крест қойылғанда, ал бірқатар елдерде
"даңқты монархияны қорғау" ісі ұмытыла бастағанда, сол тарихшылар көріпкел сөзін
өзінше тәпсірлеген Фемистокл секілді нақты себептерді байқамай, ойдан шығарылған
себептерін ұсына бастамап па еді? Жығылып жатып сүрінгенге күледі деген рас, бағзы
соқыр сенімдерге күлетіндер көбіне осы заманғы соқыр сенімдердің қармағына түседі де,
осынысымен ежелгі заманда өмір сүргендерден озып кете қоймайды.
Енді біз кемірек зерттелген мәселелерді қарастыруға көшеміз де, баяндау барысында
бұрын зерттелген мәселелерге қайтып оралып отырамыз.
Шынын айтқанда жеке жағдайдан, жалпы қозғалыстың өзгеріп отыруы жөнінде Спенсер
ашқан ырғақтылық заңының бір көрінісінен басқа түк те емес экономикалық дағдарыстар
біздің заманда, ең алдымен Джевонс пен Клеман Юглардың еңбектерінде ерекше егжей-
тегжейлі талданды. Менің "Cour's d'Economie politique" атты кітабымда осынау циклдар
психологиялық ырғақтың көптеген көріністерінің бірінен басқа түк те емес деген көзқарас
айтылған және оның дұрыстығына мені ең жаңа зерттеулер мәліметтері сендіреді. Мұндай
ырғақты мен басқа өрістерден де байқаймын: моральда, дінде және саясатта
экономикалық тербелістерге абсолютті ұқсас тербелістер байқалады. Бұл ырғақтар
тарихшылардың назарынан тыс қалған жоқ, алайда олар болмыстан анық алшақ циклдар
теориясын қоспағанда, бұл тербелістерді ырғақты қозғалыстың бір көрінісі ретінде
қарастыруға талпынбады, тек кейде ғана олар белгілі бір сәйкестіктерді атап көрсетеді.
Рим тарихын жақсы білетіндер білімді таптар санасындағы тербелістерді байқамай тұра
алмайды. Республиканың соңы мен жаңа дәуірдің бірінші ғасырында өздерін ерекшелеген
сенбеушілік пен скепсистен олар империяның соңғы кезеңінде байқалған жоқтан өзгеге
сене беруге көшті.
Кейіннен христиандыққа айналған діни ағым терең өзгерістерге ұшырап жеңіске жетті,
басқалардан қабылдау және бүкіл антик дүниеге таралудан бұрын бәсекелес