Page 16 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
16
Енді біз зерттеу тақырыбымызға жақындайық. Әуелі фактылардан шығарылған кейбір
әлеуметтану теорияларын талқылаймыз: оларды, фактыларға жүгіне отырып, дедукция
әдісімен қайта тексереміз. Яғни, біз фактылардан идеяға, одан кейін идеядан фактыға
оралатын Клод Бернар ұсынған жолмен жүреміз. Бүл арада оқырман екінші белеспен ғана
таныса алады, өйткені бірінші белесті қарастыру тым көп орын алады. Соның бәрі менің
"Әлеуметтану туралы трактатымда" баяндалады. Мен оны аяқтап, жариялай аламын ғой
деп үміттенемін. Ал әзірше аталмыш заңдар азды-көпті қолдануға болатын гипотезалар
ретінде ұсынылады да, біз олардың көмегімен фактыларды түсіндіруге болар-болмасын
қараймыз.
Адамдардың қарекетінің көпшілігі қисынды ойланудың емес, сезімнің ықпалымен
жасалады. Бұл әсіресе экономикалық емес мақсаттар көзделетін қарекеттерге қатысты.
Қарама-қарсы картинаны біз экономикалық сипаттағы қарекеттерден, әсіресе, коммерция
және ірі өндіріс саласынан байқаймыз.
Адамды қарекетке қисынсыз себептер итермелегенімен, ол өз қарекетін қиыстырып
түсіндіруді және сол қарекетін ақтау үшін
a posteriori
ойлап табылған белгілі бір
принциптермен байланыстырғанды ұнатады. Осылайша, іс жүзінде В себебінің салдары
ретінде көрінетін А әрекеті, сол әрекетті жасаған адамның ойында, көбіне алдамшы С
себебі ықпалының нәтижесі болып көрінеді. Осындай жолмен басқа адамдарды
алжастыратын адам, әуелі өзі алданған және кейін басқаларды өзі иландыра бастаған
нәрсеге кәміл сеніп қалған.
Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: кез-келген әлеуметтанушылық құбылыс
едәуір өзгешеленетін, кейде тіпті мүлдем ұқсамайтын екі пошымда көрініс береді, олар -
нақты объектілердің қатынасын анықтайтын объективті пошым және психикалық
ахуалдар арасындағы қатынасты айқындайтын субъективті пошым. Алдымызда қисық
айна түр деп ойлайық. Ол бұйымдарды бұрмаланған пошымда көрсетеді: іс жүзінде түзу
нәрсе қисық, ұсақ нәрсе үлкен және керісінше болып шығады. Бізге тарихтан және
олардың замандастарының айғақтарынан белгілі объективті құбылыстар адам санасында
шамамен солай көрінеді. Сондықтан, егер біз объективті құбылысты танып-білгіміз келсе,
субъективті айғақтардан объективтілікке көшуге талпынуымыз керек. Тарихи сынның
міндеті шындап келгенде осындай, ол деректерді материалдық сынаудан коп ілгерілеп,
адам психикасының ерекшеліктерін ескереді.
Парсылардың басып кіруінен қауіптеніп, афиналықтар Дельфа көріпкеліне сұрақ қойып,
Зевс сыйлаған ағаш қабырғалар ғана сендерді аман алып қалады деген жауап алған соң,
олар бүкіл флотын жинап, парсыларды Саламин бұғазындағы шайқаста жеңіп шықты. Сол
оқиғалар сол заманның көптеген адамдарына солай көрінді және Геродот та оларды
осылай баяндады. Бірақ олардың объективті пошымы мүлдем өзгеше болғаны айдан анық.
Бүгін де Аполлонға, Тритогениялық Афинаға немесе тіпті Зевске әлі де сенетіндердің бар
екендігі дүдамал, сондықтан да Саламиндегі жеңістің өзге, нақты себептерін іздестіруге
тура келеді. Расын айтқанда, оны Фемистокл дайындап, афиналықтарды қала
қазынасынан флот мұқтажы үшін ақша бөлуге кендірді. Бірақ, Геродот осы эпизод туралы
баяндай отырып, оны нақты себеп ретінде ескермейтініне назар аударайық. Оның
ойынша, афиналықтардың оз флотын жауынгерлік дайындыққа келтіріп үлгеру фактысы
кездейсоқ жағдайлармен байланысты. Олардың көріпкелдің айтқанын істеуі керек еді,
бірақ, Геродоттың айтуынша, Аполлонның жауабының шын мағынасы туралы
афиналықтардың пікірі әртүрлі болды. Олардың бірі ағаш қабырғалар дегенді жартастар
деп түсіну керек десе, басқалары, керісінше, құдайдың ишарасы флот деген пікірде болды
деді, ал Фемистоклдың өзі, Геродоттың айтуынша, көріпкел сөзін тура мағынасында