Қазақстанның ашық кітапханасы
алдымен нақ соларды шарпыды. Бұл елдердің демократияға көшуі көп жағдайда
католиктік шіркеу позициясындағы өзгерістердің және үстем мәдениетте белгілі бір
өзгерістер жасаған 50-60 жылдарғы экономикалық дамудағы табыстардың нәтижесі
болды. Тегінде, бұл басқа ешбір жерде нақ Испаниядағыдай анық көрінбес. 1950 жылы
испан мәдениеті әлі негізінен дәстүрлі, корпоративтік, авторитарлық, этатистикалық және
антилибералдық болды десем, қателеспеспін деп ойлаймын. 60-жылдары Лауреано Лопес
Родо Испанияда ЖҰӨ жан басына шаққанда 2 мың доллар болғанда, ол демократиялық
елге айналады деген болжам жасаған еді. Бұл жүзеге асты: 1975 жылға қарай
экономикалық даму - индустрияландыру, кенттендіру, орта тапты көтеру, дүниежүзілік
экономикаға кірігу - испан мәдениетінде іргелі өзгерістер жасап, оны батысеуропалық
демократиялардағы мәдениетке ұқсас етті.
Демек, экономикалық даму елдің мәдениетін ол демократияға қолайлы болатындай етіп
өзгерте алады. Егер бұл тезис әділ болса, онда экономиканың прогресі мұсылман, будда,
православиелік және кұңфудзылық қоғамдарға да ықпал етуі тиіс. Бірақ Шығыс Азияны
қоспасақ, батыстық емес дүние экономикасы өз дамуында артта қалып келеді, бұл
тұрғыдан неғұрлым жақсы жағдайдағы қиыршығыстық елдерде де мәдени өзгерістер,
шамасы, көп жылдарға созылуы әбден мүмкін. Демократияландырудың жуырдағы
толқыны демократиялық нормаларды экономикалық тұрғыдан жақсырақ дамыған елдерге
және батыс мәдениеті басымырақ қоғамдардың бәріне дерлік таратудың тарихи маңызды
міндетін шешті. Демократияны одан әрі ілгерілету әрекеттері экономикалық және/немесе
мәдени сипаттағы едәуір елеулі кедергілерге тап болады.
Демократия экспансиясының жалғасуы жөніндегі күмәнге нәр беретін басқа бір себеп -
тарихтың диалектикалық табиғаты. Белгілі бір бағыттағы кез-келген елеулі қозғалыс
түптің түбінде өзінің қайрат - қуатын жоғалтады да, қарсы тенденция тудырады. Бұл
демократияландыру жөнінде де әділетті. Оның 1974 жылдан бастау алатын қазіргі
толқыны - дүние жүзі тарихындағы үшінші толқын. Біріншісі XIX ғасырдың басында
АҚШ-та дүниеге келіп, өзінің шырқау биігіне бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін,
әлемде 32 демократиялық мемлекет пайда болғанда жетті. Муссолинидің Римге 1922
жылғы жорығы қайтарма толқынның басы болды, сөйтіп, 1942 жылға қарай әлемде бар-
жоғы 12 демократиялық ел қалды. Демократияландырудың екінші толқыны екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңге дөп келді және 60-жылдардың аяғына дейін
созылды. Одан кейін кері кету орын алды да, 1973 жылға қарай демократиялық
үкіметтердің саны (30) содан он жыл бұрынғыдан (36) азайып кетті. Осы логикаға
сүйенсек, таяудағы жылдарда үшінші қайтарма толқынды күтуіміз керек. Тіпті сол
уақыттың өзі туды деп санауға да негіз бар. Демократияға бет бұрғандай болған Судан,
Нигерия, Гаити, Перу көп ұзамай диктаторлық режимге оралды. 1992 жылы "Фридом
хаус" он жылдан аса уақыт бойы тұңғыш рет дүниеде демократиялық елдер қатарының
өскендігі туралы айта алмады. Оның 1993 жыл бойынша есебінің өзіне мынадай тақырып
қойылған - "Бостандық шегініп барады". Бұл ұйымның бағалауынша, "ер- юн" қоғамдарда
тұрып жатқан адамдардың саны 300 миллионға, ал "еркін емес" қоғамдардағылардың
саны 531 миллионға өскен. 42 елде бостандық деңгейі төмен түсіп, тек 19 елде ғана ол
өскен. Бүгінде әлем халықтарының тек 19 пайызы ғана "еркін" қоғамдарда өмір сүруде.
Бұл 1976 жылдан бергі ең төмен цифр болып табылады.
1974 жылдан кейінгі демократиялық экспансияны демократиялық күштер бір елден кейін
бір елді азат ете берген әскери науқан ретінде елестетуге болады. Бірақ кез-келген генерал
шабуылдаушылардың кейде ет қызуымен тым алға сұғынып кететінін біледі. Ал мұндай
жағдайда әскери қатарлар ұзап кетеді де, қарсы жақтың қарсы шабуылына төтеп бере
алмайтын жағдай туып қалады. Тіпті 1944 жылы Франциядағы одақтастардың шабуылы