Page 37 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
1757 жылы Плесси (Бенгалия) маңында болған шайқаста ағылшын генералы Роберт Клайв
үнді әскеріне күйрете соққы берді.
Үндістанды жаулау XVI ғасырда басталды (португалдықтар, голландықтар, француздар,
ағылшындар). XIX ғасырдың ортасына таман оны толығымен ағылшындар бағындырды.
VII ғ. Арабия түбегінде қоныстанған арабтар әскери жорықтар бастап, Таяу және Орта
Шығыс елдерін, Солтүстік Африка мен Мысырды жаулап алды. Нәтижесінде ұлан-байтақ
феодалдық-теократиялық мемлекет - Араб халифаты құрылды. 712 жылы арабтар
Үндістанға басып кіріп, Индының төменгі ағысындағы аймақ - Синдты, 711-714 ж.ж.
Пиреней түбегінің үлкен бөлігін басып алды. Аббассидтар тұсында (750- 1258) Сицилия,
Мальта, Крит жаулап алынды, Византиямен үздіксіз соғыс жүргізілді. XIII ғ. ортасында
монгол шапқыншылары астананы бағындырғаннан кейін (1258) Халифат құлады.
Сен Катаяма (1859-1933) - кәсіби революционер, Жапониядағы алғашқы кәсіподақты,
әлеуметтік проблемаларды зерттеу жөніндегі қоғамды ұйымдастырушы.
Бұл жерде 1919 жылғы сәуірде Амритсарда (Пенджаб) британ әскерлері 10 мың адам
қатысқан бейбіт шеруді күшпен басқан оқиға сөз болып отыр. 400 адам өліп, 1200 тарта
адам жараланды.
Бірнеше ай өткеннен кейін, 1919 жылғы 23 желтоқсанда Үндістанды басқару туралы акт
жарияланды. Бұл акт бойынша Ұлыбритания Үндістанға кең автономия беруге ниеттенген
еді. Реформа бойынша Үндістан уақыт өте өзінің "жауапты" үкіметін қалыптастыруға тиіс
болатын. Диархия (қосбилік) қағидаттарына сәйкес жергілікті биліктің құзырында
медицина, білім, жергілікті өнеркәсіп мәселелері болса, аса маңызды салаларға - қаржы,
әділет, қорғаныс - бақылау жасау провинциялардың британдық губернаторларының
қолында болды.
Бұдан көрініп отырғанындай, Үндістанды өзінің тәуелсіздігі үшін азаттық күресте әлі ұзақ
жол күтіп тұрды (1947).
Тан Малака (1894-1949) - индонезиялық коммунистік қайраткер.
"зиян келтірме" (лат.).
Мазмұны
КІРІСПЕ 2
ЕСКЕРТПЕЛЕР 5
Географиялық тұрғыдан алынған шекара 7
ЕСКЕРТПЕЛЕР 10
Адам тұрмайтын жер кеңістіктерінің бөлгіш күші 11
ЕСКЕРТПЕЛЕР 17
Шекараларды сапасы мен тұрпаты бойынша бағалау 20