Page 36 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
аяғында британ қорығына айналдырылған еді. Судандағы бірлескен билік режимін 1925
жылы Англия біржақты шешіммен жойды, алайда 1936 жылғы келісім бойынша қайта
қалпына келтірілді.
Кап провинциясы - Африка құрлығының ең оңтүстігіндегі провинция - сөз болып отыр.
Роде Сесил (1853-1902) - ең ықпалды Англия капиталистерінің бірі. 1880-1896 ж.ж. Кап
отарының премьер-министрі, Африкадағы Родезия дом аталған отарды басып алудың
бастамашысы. 1899 жылы Еуропаға келіп, бельгия королі Леопольдпен және герман
императоры Екінші Вильгельммен Каптан Каирға дейін темір жол және телеграф желісін
салу туралы келіссөздер жүргізді.
Арон - Инд өзенінің бастауына жақын жерде құзға салынған, алдында терең шыңырауы
бар қуатты бекініс, оған апаратын жалғыз жол әрі тар, әрі ыңғайсыз; стратегиялық маңызы
зор осы жерде Александр Македонский өзінің Үндістанға жасаған жорығында күшті
қарсылыққа тап болған еді.
Земмеринг - Австриядағы Штирия Альпісіндегі тау жотасы. Ол арқылы 1842-1854 ж.ж.
Лейт өзенінің аңғарынан Мюрц өзенінің аңғарына дейін бірінші еуропалық Глогниц-
Мюрццушлаг темір жолы салынған болатын. Темір жол Венаны Штириямен, тіпті
Италиямен байланыстырды. Жол бойында жалпы алғанда 15 тоннель, 16 виадук салынған.
Яғни, 1919 жылғы Версаль келісімшарты.
Бағдат темір жолы - Еуропадан Үндістанға апаратын ең қысқа жол. Оның құрылысы 1899
жылы Германия түрік сұлтанынан концессия алуға қол жеткізгеннен кейін басталды.
Империалистік топтардың жоспары бойынша, Бағдат темір жолы Германияның "Шығысқа
жорығында" ("Drang пасһ Osten") қуатты қару болуға тиіс еді. Ол Англияның
Үндістандағы үстемдігіне қауіп төндіріп, Ресейдің бұғаздарға билік орнатуына кедергі
тудырды. Бұл Англия мен Францияның (1904 жылғы ағылшын-француз келісімі), Англия
мен Ресейдің (1907 жылғы ағылшын-орыс келісімі) бірігуін күшейте түсті. Бірінші
дүниежүзілік соғыс Бағдат темір жолының құрылысын тоқтатты да, бұл іс сонымен
аяқсыз қалды
Альберони Жюль (1664-1752) - итальян аббаты, испан королі Филипп V жанындағы
кардинал және министр.
Әңгіме Африканы бөлшектеу үшін болған күреске байланысты 1898 жылы Англия мен
Франция арасындағы Фашода жанжалы туралы. 1899 жылы қол қойылған келісімшартқа
сәйкес Франция Англияның Ніл аңғарына ерекше құқығын, ал Англия - Францияның
Суданның барлық батыс аймақтарына құқығын мойындады.
Чжунхуа миньго - Қытай Республикасы.
Мартелл Карл - Франция аумағындағы арабтар Испания арқылы енген ең солтүстік нүкте -
Пуатье маңындағы 732 жылы болған шайқаста жеңіске жеткен француздардың
қолбасшысы.
1683 жылы Қара Мұстафа басқарған түрік әскері Венаны қоршады, бірақ поляк королі Ян
Собескидің көмегінің арқасында көп ұзамай қала маңынан қуылды.