Қазақстанның ашық кітапханасы
Солтүстік-Шығыс маршрутында, кейде сан бұралып отыратын үнді-сирия мәдениетінің
(Гандхара, Турфан) таңдаулы жолында ауық - ауық Шығыс-Батыс бағытындағы өткелдер
кездесіп отырады.
Бұл жерде Солтүстіктен Оңтүстікке темір жол тарту жөніндегі ағылшын - орыс
бәсекелестігі мен күдікшілдігі ғана емес, қуатты физикалық-географиялық, кейіннен -
геосаяси себептер де: тек Ферғана - Мерв - Балкх және Пешавар - Қандағар - Кветта
арасында ғана емес, Қашғар мен Читрал арасында да, Тибет пен Непал, Сикким мен
Бутан, Бамо мен Талифу арасында да кедергі жасады. Бұл - тарихтың сынынан өткен
кедергілер, оларды жеңіп шығу үшін (Арон) тіпті сонау Александр Македонский
заманында ерекше ойластырылған шараларды іске асыру арқылы назарда ұстап тұратын
әрі аталмыш кедергілердің бәрін жарып өтетін Юньнань даңғылымен - күрделі Бирма-
Сычуань байланысымен, Дарджилинг-Лхас жолымен және күні кешегі Кинчинджингті
айналып өтетін жолмен - салыстыруға болмайды. Таяуда аралдық тірек пункттерінің
арқасында (мұнда да құрлықтық-мұхиттық антагонизммен жүздесеміз!) парсы жағалауын
бойлайтын әуе жолындағы кедергілердің жойылғаны сияқты бір кездерде Парсы немесе
Ауғанстан арқылы қосылу жүзеге асады. Алайда панқұрылымдардың анағұрлым қуатты
түрде дүниеге келуі Батыс - Шығыс сызығы бойынша болып отыр және солай болып қала
береді; сол себепті паназиялық идеяның жекелеген құрылымдарының ішіндегі неғұрлым
ықтималы - панүнділік идея.
Австралияға табандылықпен телініп отырған "аяқталмаған" процесс (Колин Росс) сияқты
пан-Еуропаның қалыптасуына қарсы тұрған көптеген геосаяси және тарихи нәрсеге
айналған ауытқушылықтар үшін пан-Еуропаға да, пан - Австралияға да коммуникациялар
саласында нанымды панидеялардың жетіспеушілігі тән. Монт-Сенизге, сонан соң Сен-
Готард арқылы жүретін темір жолға қатысты ойларға (олардың сол кезеңнің көлік-
географиялық әдебиеттерінде шамалы көлемде болғанымен Дүниенің өз бөлігіндегі пан-
ойлау үшін Земмеринг асуы арқылы салынған алғашқы темір жолға ұқсас мәні бар болған
сияқты), немесе германдық мемлекеттік темір жолдар жүйесіне қатысты фон Листің
жобаларына сілтеме жасауға болар еді.
Алайда Монт-Сениз Сен-Готард линиясында сол заматта бәсекелестік тудыратын
(Eifersucht) инерциялық бетбұрыс сәті аңғарылады, ол Париж-Лион-Жерорта теңізі
байланыс дивизиясындағы Юра-Вогезы шебінен батысырақ, Рейн аңғарының
Солтүстіктен Оңтүстік бағыттағы негізгі көлік магистральдарынан шығысқа қарай
көрінеді. Бірақ дүние бөлігінің Батыс - Шығыс линиясы бойынша байланыстары 1919
жылғы бөлу апатқа итерумен бірдей болды, айтқандай бұған Герман фон Вистман назар
аударған еді. Аталмыш болу жұмыс істеп тұрған Батыс - Шығыс темір жол қатынасының,
мәселен, Вильно маңайында, Мариенверде, коммуникациялар саласында қалай айтқанда
да көлемді кеңістіктік геосаяси идея болған Гамбург – Берлин - Канстинополь-Бағдат
жоспарының да бұзылуына және үзілуіне тікелей әкеп соқты.
Пан - Австралия үшін елдің орталық елсіз бөлігі арқылы жүргізген транстелеграф желісі
жеткіліксіз байланыс болып шықты. Бірақ темір жол мәселесі жағалаудағы толып жатқан
жолдардың табандарының әртүрлі кеңдігінен мүлде шиеленісі еді, сөйтіп елдің түкпір-
түкпіріне сұғына енген тұйық темір жолдар линияларын жүйесіз (Гамильтон және
Китченер қауіптілігін жан-жақты көрсетіп айыптаған) түзету оларды кейін кеңінен
ойластырылған әуе жолдарының көмегімен біріктірді) аңғарылды. Австралиялық
құрлықтық ойлау жүйесін жеріне жеткізу үшін әуе қатынасын асыра бағалау қиын. Тек
сол ғана ырыққа көнбейтін дүниені бөлуге мүмкіндік берді, сол себепті де қазір батыс,
сондай-ақ солтүстік өмір жолдарының дамуына түрткі пайда болды (Алис Спринте, 1930).