Қазақстанның ашық кітапханасы
Ағылшын - үнді тарихында британ мүддесі, бәлкім, бірінші рет бедерленіп отыр; ол
мүдденің мәні - Үнді субконтинентіне қазіргі жеке иелік (лорд Ротермирдің18 деректері
бойынша, бұл иеліктен әр британдық өз табысының бестен бірін алып отырған) рөліндегі
паназиялық қазанда қала беруге мүмкіндік жасағанша, оны өмір сүруге және сауда
жасауға қабілетті субконтинентке айналдырған артық.
Яғни, британдық (отарлық) мұра дүниесінен тағы бір "субконтинент" бөлініп шықты, бұл
туралы оңтүстік африкалық премьер-министр Конго мемлекетінде бір бельгиялыққа
былайша құлаққағыс етіпті: Piatt der Wasserkante (африкаанс, фламанд тілдерінде) деген
идиоманы кем дегенде бүкіл Оңтүстік Африкада түсінеді: бұл жоғары ақ нәсілділер
қабаты өте жұқа болып келетін Банзенің "Негритиясы" болар еді. "Амазония"
бразилиялықтардың болашақ туралы арманына сәйкес келеді. Басқаша сөзбен,
"субконтинент" дегенде оны ұғымның бір түрі (Formbegriff) сияқты қарастыру керек.
Алайда Дүние бөліктерінің немесе ескі стильдегі құрлықтардың оқшаулану қабілетіне
және олардың жүзеге асқан панидеялардың негізі ретіндегі жарамдылығына аса көп қауіп
төндіретін, мысалы, Орал мен Маныч ойпатына, Солтүстік Каспий даласына,
Геллеспонтқа (Дарданелл), Эгей теңізіне, Суэц мойнағына, Қызыл және Антиль
теңіздеріне тән үлкен бөлгіш күшке ие құрлық ішіндегі оқшауланған құрылымдардың бар
екендігі емес, халықтарды байланыстыратын теңіз билігінің оны бір кезде бөліп тұрған
күштен басымдығы (бұл күш тек үлкен қашықтықтарда ғана анағұрлым ықпалды). Оның
үстіне әуе жолдары үшін, нақтылап айтқанда, Таяу Шығыстың мандатты аумақтарынан
Индонезия мен Австралияға қарай, сондай-ақ, Аляска мен Курилдар арқылы, сосын
солтүстік азиялық анэйкумена арқылы және америкалық шығыс жағалауды бойлай,
шеткері жерлерде ұшақтар қонатын айлақтар салу қарқынды жүргізіліп жатыр.
Трансконтиненттік темір жолдың 1900 жылы басымырақ болған америкалық жобасымен
салыстырғанда Нью - Йорктан Панама каналы арқылы Тынық мұхиттық Оңтүстік
Америкаға бағытталған бірегей теңіз жүк қатынасының ирек - ирек жолы, сондай-ақ Нью
- Иорктан Флорида - Антиль аралдары - Рио - Буэнос-Айрес - Мардель-Плата арқылы
қарқынды түрде көлік байланысына айнала бастаған трансконтиненттік шығыс әуе
маршруты, қаншалықты панамерикалық мағынаға ие болды! Шығысафрикалық
меридиандық көлік жолы да: бастапқыда темір жол өзен аралас кәсіпорын ретінде болса,
кейін Мысырдан көлдер ауданы арқылы британ меридиандық иеліктерінің батыс
жағалауын бойлай Оңтүстік Африкаға тартылған әуе жолы ретінде шын мәніндегі
панафрикалыққа айнала бастады; ол Мысырды Суданнан21 сидік бойынша бөліп алу
талпынысына және, өкінішке қарай, Кения мен Танганьика ландшафттарын әртүрлі
түсіндіруге (Германиялық Шығыс Африкаға берілген мандат) қаншалықты қарсы тұрады -
мұның да маңызы зор!
Континенттік панқұрылымдарды жеңілдету үшін дәлелді пайымдаулар мен қуатты немесе
(тікелей) транзитті байланыс орнату жөніндегі жұмыстың қаншалықты шешуші маңызы
бар екені көрсетілді. Панамерикалық ой түюге ықпал ету жөнінде тынық мұхиттық
жағалауды бойлай (шамамен қуатты, үздіксіз тұр түзейтін Кордильер-Анды жотасына
параллель) салынатын темір жол жобасына, ал панафрикалыққа - Кап - Каир (Сесил Роде!)
трассасына және идеясына байланысты айтылды. Еуразия - пан-Азия үшін Солтүстік-
Оңтүстік бағытына қарама-қарсы скифтер мен сарматтардың қоныс аударып отырған, ал
қазір бір кездегі Сібір тракты өткендей Сібір магистралі өтетін трассаға қатысты
табиғаттың мейірімі жауғандықтан Батыс-Шығыс сызығы бойынша байланыстың
артықшылығы, сондай-ақ Юмон өткелі арқылы жүретін ежелгі Жібек жолының
артықшылығы еш тұспалсыз-ақ айқын көрінеді. Табиғи реті бар Оңтүстік-Батыс -