Қазақстанның ашық кітапханасы
қатынастарға көзқарасымен әлемді келісуге мәжбүр етуге қаблетті қуатқа ие еді. 1945
жылы, екінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай, Құрама Штаттардың қуатты
болғандағы соншалықты, оның маңдайына дүниені өз қалауынша қайта жасау жазылған
сияқты болып көрінетін (дүниежүзілік жалпы тауар өнімінің 35 пайыздайы оның үлесіне
тиесілі сот те болған).
1961 жылы Джон Кеннеди бостандық мұраттарының ойдағыдай жүзеге асырылуын
қамтамасыз ету үшін Американың кез-келген құн төлеуге, кез-келген ауыртпалыққа
төзуге" күш-қуаты жеткілікті, деп нық сеніммен мәлімдеді. Отыз жылдан кейін Құрама
Штаттар өзінің барлық тілектерін дәл солай дереу іске асыруды әлдеқайда кем талап ете
алды. Ұлы державалар деңгейіне басқа елдер де жетілді. Енді қазір, оған осындай қыр
көрсетілген кезде, өз мақсаттарына кезең-кезеңмен жетуге тура келеді, оның үстіне әрбір
кезеңнің өзі американдық құндылықтар мен геосаяси қажеттіліктердің қоспасы болып
табылады. Сондай қажеттіліктердің бірі - қуаты салыстыруға болатын деңгейдегі бірқатар
мемлекеттерді қамтитын дүние өз тәртібін күштер тепе-теңдігі тұжырымдамасының
біріне, яғни, АҚШ-ты әрқашан өзін ыңғайсыз жағдайда сезіндіретін идеяға негіздеуі тиіс.
1919 жылы Париж бітім конференциясында сыртқы саясатты американша пайымдау мен
еуропалық дипломатиялық дәстүрлер бетпе-бет келгенде тарихи тәжірибедегі
айырмашылық қасіретті тұрғыдан айдан анық болып көрінді. Еуропалық көшбасшылар
орын алып отырған жүйені дағдылы әдістермен түзеуге тырысты; ал американдық
бітімгерлер болса ғаламат соғыс қандай да бір шешілмейтін геосаяси жанжалдардың
салдары емес, Еуропаға тән және шын мәнісінде кеселді айла-шарғылардың салдары
болып табылатынына кәміл сенді. Вильсон өзінің атақты "Он төрт тар мағында"
еуропалықтарға халықаралық қатынастар жүйесі бұдан былай күштер тепе-теңдігі
тұжырымдамасына емес, этностық өзін-өзі билеу принципіне құрылуға тиіс еместігін,
қайта олардың қауіпсіздігі әскери одақтарға емес, ұжымдық қарекетке тәуелді екендігін
және олардың дипломатиясы бұдан былай құпия болмауға, мамандардың құзырында
қалмай, "ашық қол жеткен ашық келісімдерге" негізделуі тиісті екендігін айтып берді. Сөз
жоқ, Вильсон соғыстың аяқталу шарттарын немесе орын алып отырған халықаралық
тәртіпті қалпына келтіруді талқылаудан гөрі, үш ғасырға жуық қызмет еткен бүкіл
халықаралық қатынастар жүйесін өзгертуге күш салды.
Өйткені американдықтар сыртқы саясат турасында ой толғай бастаса - ақ, Еуропа бастан
кешіп жатқан қиындықтардың бәрін күштер тепе-теңдігі жүйесі тудырды деген
қорытындыға байырқайтын. Және Еуропа алғаш рет американдық сыртқы саясатқа ден
қоя бастауға мәжбүр болған сәттен - ақ, оның көшбасшылары Америка әлемді реформалау
жөнінде өзіне алған миссияға күдікпен қарай бастады. Әр тарап өзін қарсыласы
дипломатиялық тәртіп әдісін қалай болса солай таңдап алғандай ұстады, бірақ олардың
біреуі неғұрлым кемеңгер немесе кемірек жаугершіл болса, ол қандай да бір өзге,
неғұрлым қолайлы әдісті таңдар еді.
Іс жүзінде, сыртқы саясат проблемаларына американдық көзқарас та, еуропалық көзқарас
та олардың төл, тіршілік етудің бірегей жағдайынан туындаған еді. Американдар
жыртқыш мемлекеттерден екі ғаламат мұхит бөліп жатқан йен дерлік құрлыққа
қоныстанды, және де олардың көршілері аса әлсіз елдер болды. Және де Америка күш-
қуаты жағынан тепе-теңдік орнату қажет болатын бірде-бір мемлекетпен
қақтығыспағандықтан, тіпті оның көшбасшыларының миында Еуропаға сыртын берген
халық үшін еуропалық үлгілерді көшіріп алу туралы өрескел ой пайда болса да, тепе-
тендікті қолдау жөнінде өзіне міндет қоюы неғайбыл еді.