Page 9 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. М. Дюверже. САЯСИ ИНСТИТУТТА

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қайнар көзi. Әдебиетте жиі естілетін "ақшаның ақаусыз билігі" тақырыбы даусыз
ақиқатты бейнелейді. Экономикалық және саяси биліктің бір қолға шоғырландырылуы
міндетті eмecтiгi күмәнсіз. XIX ғасырдың либералдық мемлекеттеріндегі "ақша билігі" ic
жүзінде таза тipшілік еткені рас. Бүгін бұл енді соншалық рас та емес: кәсіподақтар,
жұмысшы партиялары, әр текті топтар, жоғары мәртебелі шенеуніктер қаржы және
өнеркәсіп шонжарларымен бәсекелесе алатын көптеген күш орталықтарын құрайды.
Мұндай "плюрализм" ахуалы, айтпақшы, бipшaмa бостандыққа кепілдік береді. Бipaқ ол
тым нәзік: техниканың дамуының өзі мемлекетті экономикаға барған сайын көбірeк
араласуға итермелейді, ал мұның өзі саяси және экономикалық биліктің бұрын-соңды
болмаған көлемде шоғырлану тенденциясын тудырады. [...]
в) Ұйыммен мәжбүрлеу. Мәжбүрлеудің әлгінде ғана қарастырылған дәстүрлі және
классикалық пошымдарымен қатар, біз бүгінде мәжбүрлеудің жаңа, тым төте емес,
неғұрлым бүркемеленген және, күмән жоқ неғұрлым пәpмeндi (олар ықпалына
ұшырайтын адамдарға байқала бермейтіндігі пәрменімен) пошымдары пайда болғанын
байқаймыз.
Бүгінде адамдарды ассоциациялар мен ұжымдық ұйымдар шеңберінде бірiктipy
технологиясы талдап жасалған, ол бағынышты адамдардың көнетін, қалайтын деңгейінен
әлдеқайда толық бағынышты болуына күш салуға мүмкіндік береді. Бұл арада тіпті сол
технологиялардың жалпы суретін берудің өзi мүмкін емес, олардың ең озық үлгiлepi
кәсіподақтар, әcipece коммунистік партия сияқты кейбір саяси партиялар: осынау
ұйымның әрқилы элементтерін шектен тыс схемаландырып жіберсек, біз aca күрделі де
көп мағыналы нақты болмыстың өңін айналдырып жiбepyiмiз мүмкін. Адамдардың
шағын, бірақ өте күшті топтасқан бастауыш ұйымдарға (мысалы, коммунистік ұяларға)
бөлiнyi, бұл бастауыш топтардың әрқайсысының басқалардан "вертикал байланыстар"
жүйесі арқылы оқшаулануы, ic жүзінде кооптацияланған және тәpтіпті жетекшілер,
"партия iшiндeгi" жартылай профессионалдар табының құрылуына жeткiзeтiн
делегациялық билік пен төте емес дауыс беруді жүйелі түрде пайдалану, шынайы да
байсалды айтыстарды бұлжытпай орындалуға тиicтi шешімдерді бірауыздан қабылдау
тәжірибеciмeн ұштастыру - осынау алуан түрлі (басқа да толып жатқан) элементтердің
барлығы қалың бұқараны ұйымдастырып, оларға барынша күшті билік жүргізуге
мүмкіндік беpeтiн барынша берік те топтасқан әлеуметтік арматураны қалыптастырады.
Бұл арада әңгіме адамға сырттай ықпал жасалуын көздейтін, сөздің тура мағынасындағы,
мәжбүрлеу туралы болып отырған жоқ: жүйе жетекшілерге "бұқара пiкipiнe ұдайы құлақ
түpiп отыруға", басқарылатындарға жақындықты сақтауға және олардың мақсат-
мүдделерін білуге, осылайша, адамдарды басқара отырып, олардың ырқын бiлдipyгe
мүмкiндiк береді ғой. Екінші жағынан, жүйе насихатқа берік арқа сүйейді, оның
технологиясы жүйeнiң өз технологиясымен тығыз байланысты.
[...] Екінші дүниежүзілік соғыс пен осы заманғы тоталитарлық режимдер насихаттың
тиімділігінің тамаша иллюстрациясы қызметін атқарады. Бүгіндері ол бұрынғыдан да
дами түcтi, өйткені қоғамдық ғылымдар мен психологияның жетістіктері адам қызметінің
қозғаушы себептерін жақсы түсініп, оларға ықпал етуге жаңа мүмкіндік берді. Насихат,
алайда, барлық замандарда болған.
а) Классикалық насихат. Насихатты үкімет басқарылатындарды өзінe бағынуға сендіру
үшін жасайтын күш-жігер деп анықтауға болады. Мәжбүрлеу орнына көз жеткізу керек:
ал шындығында, сондай сенімге қол жеткізу үшін қолданылатын тәciлдep, оны жанама