Қазақстанның ашық кітапханасы
(әлемде таза нәсіл жоқ, ал "арийлық нәсіл" түсінігі байыпты қарастыруға татымайды)
фактысы ешқандай рөл атқарған жоқ.
Ал нәсіл туралы миф - бұл маңызды. Сондай-ақ атай кетейік, XIX ғасырда Орталық
Еуропада ұлттық тілдердің өркендеуі дәл сол дәрежеде ұлтшылдықтың өрлеуінің салдары
да, себeбi де болды (бұған ұқсас феномен бүгінде Фландрияда байқалып отыр).
Тап осындай бақылаулар ұлттық ынтымақ үшін манызды өте зор аумақ жөнінде де жасала
алар еді. Немістердің "өмірлік кеңістік" теориясы да, француздардың "табиғи шекаралар"
теориясы да нақты болмысқа маңайламайды: "өмірлік кеңістік" ұғымы айырбасқа
негізделген; экономикада ешқандай мағынасы жоқ; өзендер, таулар, теңіздер және табиғи
шекаралар деп аталатындардың барлығы адамдарды ажыратпайды, қайта бірiктipeдi:
рейндік, альпілік, жерортатеңіздік өркенияттар бар. Бipaқ өмірлік кеңістік немесе табиғи
шекара жайындағы мифтерге сену ұлттық ынтымақты нығайта түседі.
Ұлттық топтасу факторларының арасында, тегінде, бәpiбір тарих жетекші рөл атқаратын
секілді. Және бұл арада әңгіме ғылыми және объктивті тарих туралы емес. Әpбір халық
өзінің өткенше. Оның қарекеттері мен дәмелерін ақтау мақсатындағы азды-көпті аңыздық
бейне береді. Барлық елдерде тарих пәнiн оқыту шынтуайтында патриотизмді тәрбиелеу,
жас ұрпақ жүрегінде ұлттық сезімді дамыту құралы болып табылады. Сол арқылы бір
ұлттың азаматтары өздерін басқа ұлт азаматтарына қарсы қоятын айырмашылықтарды
(шынайы ма, жалған ба, бәрібір: ең бастысы олар көрнекі болсын) түсінеді. Адамдар азды-
көпті сай болғысы келетін ұлттық "архетиптер" осылай жасалады. [...]
Сэм ағай, Джон Буль, орташа француз, неміс Михель: сол архетиптердің бірқатары
осындай.
Осынау тарихи жалған бейнелерден әрбір ұлт мына жалғанда өзiнiң пeшeнeciнe
жазылыпты-мыс деп білетін, бірақ ұлттың ол іске асырғысы келетін болашақ тағдырын
әдемі анықтап берген "миссия" идеясын алады. Бұл миссия дәуір мен саяси режимге
байланысты әртүрлі түсініледі. Герман империясы мен нацистік диктатураның
пангерманизмін Веймар республикасы мен қaзipгi Бонн cepпiп тастады. XIX ғасырда
либералдар таратқан "Франция - адам құқықтары мен бостандығының отаны" деген
имиджді консерваторлар қабылдаған жоқ. Құрама Штаттар "бүкіл дүние жүзінде
демократияны қорғаушылар және американ өмір салтының насихатшылары" болып
табылады. Бұл имидж бұрын үстем болған оқшаулану ниетінен аулақтау эволюциясын
едәуір дамытты.
Осылайша "мұрагерлік жолмен" жеткен дұшпандар да, яғни ұлтты жою мақсатын
көздейді деген ой телінетін және сол үшін ұлт топтасып қарсы күресетін басты жаулар,
жамандық жаршылары да өзгертіледі. Англия сонау Жанна д'Арк заманынан бастап, 1904
жылға дейін Франция үшін осы рөлді атқарды; содан кейін оған 1870 жылдан бастап
Германия қосылды; бүгінде кейбіреулер КСРО-ны жау етуге тыраштануда. "Басқаға"
өшпенділік ұлттық ынтымақтың қуатты факторы болып табылады. "Басқа" жағдайлар мен
қажеттіліктерге қарай өзгереді, ал ұлттық сезімді билеушілер өздері іске асыруға
тырысатын саясатқа танымалдық беру үшін пайдаланады. [...]
"Антология мировой политической мысли,
в 5 томах, М., 1997. Том 2" басылымынан
қазақшалаған Таңатқан РСАЕВ.