Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. М. Дюверже. САЯСИ ИНСТИТУТТА

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Бiз, әрине, мұндай ұйымдастырылу іздерін адамдардың басқа да көптеген бірлестіктерінен
таба алар едік. Бірқатар ассоциацияларда (саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар
сияқты) съездер заң шығарушы рөлін атқарады; функционерлер басқаратын атқару
комитeттepi әкімшілік қызметтерін орындайды; жанжалдар жөніндегі комиссиялар
қазылар жұмысына ұқсас қызметпен айналысады. Бipaқ бұл ұйым мемлекетке қарағанда
әлдеқайда қарадүрсін, үcтipт, жетілдірілмеген.
2° Тек (немесе тек дерлік) мемлекетте ғана билеушілердің қоғамдастық мүшелерін
өздеріне бағындыруына мүмкіндік беретін ұйымдастырылған санкция жүйесі бар; олар —
заңның қолданылуын қадағалайтын, оны бұзушыларды іздестipiп, тұтқындайтын полиция
ұйымы; тергеу барысында айыпталушылар белгілі кепілдіктерді пайдалана алатын жан-
жақты тергеу жұмыстарын жүргізген соң қылмыскерлерге жаза тағайындайтын сот
ұйымы; соттар шығарған үкімдерді жүзеге асыратын пенитенциарлық жүйе (айыппұлдар,
абақтыға жабу, мәжбүрлеу жұмыстары, өлім жазасы және т.б.). Бұл арада адамдардың
басқа қоғамдастықтарында болған институттардың iздepiн әлi табуға болады, бірақ бұл
институттар бұрын ешқашан соншалық дамып, ақырына дейін жеткізілген институттар
болмаған. Оның үстіне, халықаралық сот органдары немесе, мысалға, корпоративтік
соттар құрылған тақта, олар нақ мемлекеттік үлгілерден көшіріп алынады.
3° Тек мемлекетте ғана өз шешімдерін орындауға мәжбүр ете алатын ең көп материалдық
күш бар. "Егемендіктің" аса маңызды негіздерінің бірi осында. [...] Тек (немесе тек дерлік)
мемлекет полициялық жүйе мен осы заманғы армияға ие болатындықтан, оның алдында
оған қарсы баламалы материалдық күш шығаруға шамасы келетін бір де бір қоғамдастық
болмайды. Зорлық қолданылатын жанжалдар туа қалған күнде соңғы сөз ылғи да
мемлекетте қалады. Атап көрсетуге болады, тарих барысында шын мәнісінде "егемендік"
ең үлкен материалдық күші бар әлеуметтік топтардың игілігі болды: феодалдық жасақтар
ұйымдастыру желеуімен нақ әскерді бүлдіру орта ғасырлар мемлекеттерінде егемендіктің
шашырап кетуін туындатты; нақ тұрақты армияларды құру егемен мемлекеттерді
тудырды. Мемлекеттерден жоғары тұратын халықаралық қоғамдастық пайда болуы үшін,
мемлекеттік егемендік ғайып болуы үшін қуаты жағынан мемлекеттердікінен асып түсетін
халықаралық қарулы күштер құру қажет.
[...] Мемлекет ең үлкен материалдық күшке, сондай-ақ егемендік құқықтық теориясына
саю абсурдтық: шынында барлығы мемлекеттілік феноменіне негізделеді. Зaңгepлiк
егемендік, ұйымның мінсіздігі, ең үлкен материалдық күш өзара және сонымен бір
мезгілде мемлекетті сипаттайтын тағы бір элементтен: мемлекеттік қоғамдастық ішіндегі,
"ұлт" ішіндегі ынтымақ дәнекерлерінің беріктігімен тығыз байланысты. Халықаралық
армия құру жолындағы негізгі кедергі мынада: интернационалдық қоғамдастық, оның
мүшeлepi сол үшін жан пида етуге келісетіндей дәрежеде, соншалық айқын түйсінілмейді.
Ал ұлт нақ солай қабылданады, сондықтан оның армиясы, мiнciз саяси ұйымы және
заңгерлік егемендігі болады.
а) Ұлттық қоғамдастық элементтерi. Ұлттық қоғамдастықты сипаттайтын элементтер
барынша әрқилы. Кейде нәсілдік, тілдік, діни, аумақтық және т.б. ортақтық секілді
материалдық, элементтер, тарихи зерде, мұраттар, біргe өмір сүру ниеті ортақтығы секілді
рухани элементтер айырып көрсетіледі. Мұндай айыру орынды секілді көрінбейді.
Іс жүзінде "материалдық" деп аталатын элементтердің нeгізгіci ұлттық қоғамдастық
мүшелерінің өздері туралы түciнiгi. Ұлтты нәсіл, тіл, дін емес, адамдар нәсіл, тіл және дін
туралы қалыптастырған түciнiк құрайды. Германияда, мысалы, ұлтшылдықты дамытуда
нәсіл теориялары үлкен рөл атқарды: ал ғылыми тұрғыдан олардың жалған екендігі