Page 5 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Түсініктерін өз еркімен ұғыну туралы
§ 3. Өз түсініктерін ұғынуға деген талпыныс көңіл бөлу (attentio) арқылы немесе мен [дәл
қазір] түсініп отырған түсініктен алшақтау (abstractio) арқылы беріледі. — Соңғысы көңіл
қоймау немесе көңіл қоюдың жоқтығы емес (бұл аңғалдық, distractio болар еді), бұл тану
қабілетінің түсініп отырған түсінікті санадағы басқа ұғымдарға қоспай ұстауға I
бағытталған] нақты әрекеті. — Сондықтан да: бірдеңені абстракциялау (алшақтау)
демейді, бір нәрседен, яғни менің түсінігімдегі заттың анықтамасынан алшақтау, дейді,
осының арқасында бұл түсінік ұғымның баршаға ортақтығына ие болады және пайым оны
осы күйінде қабылдайды.
Түсінік адамға тіпті [сыртқы сезім арқылы] берілген жағдайда да сол түсініктен алшақтау
қабілеті көңіл қою қабілетінен әлдеқайда жоғары қабілет, себебі ол ойлау қабілетінің
еркіндігі мен, рухтың біздің түсініктеріміздің жағдайын басқару еркіндігін (animus sui
compos) дәлелдейді. — Бұл мағынада алшақтау қабілеті әлдеқайда күрделі, бірақ іс
[сыртқы сезім] түсініктеріне қатысты болғанда көңіл қою қабілетінен маңыздырақ.
Көптеген адамдар алшақтау қолынан келмегендіктен, өздерін бақытсыз сезінеді. Құда түсе
келген адам қалыңдығының бетіндегі сүйелге не аузындағы шіріген тісіне көңіл
аудармаған болса, сәтті үйленген болар еді. Бірақ біздің көңіл болу қабілетіміздің қызық
әрі жаман ерекшелігі бар — ол еріктен тыс тура басқалардың кемшіліктеріне: сүртүгіндегі
түсіп қалған түймеге, жаман тісіне қаратып, не сөйлесіп тұрған адамның сөз
саптауындағы дағдыға айналған қатеге көңіл аудартып, сөйтіп, басқаларды да ұялтып,
өзімізге де жайсыз әсер етеді. — Егер ең керегі жақсы болса, өзгелердің де, өзіміздің де
өміріміздегі кейбір кемшіліктерге көңіл аудармаған дұрыс қана емес, ақылға да сай болар
еді. Рухтың қуаты болып табылатын бұл алшақтау қабілетіне жаттығулар арқылы ғана қол
жеткізуге болады.
Өзін өзі бақылау туралы
§ 4. Өзінен бірдеңені байқау (animadvertere) дегеніміз — әлі өзін-өзі бақылау (observare)
емес. Соңғысы біздің өз - өзімізден байқағанымызды жүйелі түрде салыстыру болып
табылады, ол өзін-өзі бақылаған адамның күнделігіне материал береді де, оп-оңай
әуесқойлықпен қиялилыққа апарып соғады.
Адамдармен қарым-қатынас жасаған кезде өзіңе назар аударту (attentio) қажет болса да, ол
көзге түспеуге тиіс, әйтпесе қымсынуға (ыңғайсыздануға) не аффектацияға
(күйгелектікке) апарып соғады. Осы екеуіне қарама-қарсы да саналы түрде білмесек,
олардың бізде бар екенін қалайша білеміз? — Осы сөзді кезінде түсініктердің ондай
түрлерінің барын жоққа шығарған Локк та айтқан болатын. — Біз түсінігімізді тікелей
білмесек те, жанама түрде оның бар екендігін біле аламыз. — Оңдай түсініктер көмескі
түсініктер деп аталады; қалғандары айқын болады, ал оларға кіретін жартылай түсініктер
де айқын болған жағдайда, олар ойдан туған бола ма, әлде сезуден туған бола ма, бәрібір,
олар анық түсініктер деп аталады.
Егер мен өзімнен қашық жердегі көгалдағы бір адамды көріп тұрғанымды түсінсем, оның
көзін, мұрнын, аузын және т.б. көріп тұрғаным туралы ойламасам да, көріп тұрған
нәрсенің адам екендігі туралы ғана қорытынды жасаймын; себебі егер мен бастағы көзді,
мұрынды және т.б. (және де осы адамның басқа да дене мүшелерін) көріп тұрғаным
туралы ойламағандықтан, менің ой - сезімдерімде адам туралы түсінігім жоқ дегім келсе,