Page 39 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жүргізе алады, ал ол бейшара болса, (өзін билік жүргізбек болған) бір әйел үшін көп әйел
ішінде туған айғай-шудан қалай құшарын білмей әлек болады.
Азаматтық жағдайда әйел некесіз, және де моногамиялық некесіз ер адамның ырқына
көне алмайды; ал өркениет әлі әйелдің көңілін білдіруіне (оның бір ер адамнан басқа ер
адамдарды нақсүйер ретінде ашық ұстау мүмкіндігіне ие болуына) дейін дамымаған
жерде күйеуі өзіне нақсүйер тауып аламын деп қорқытқан әйелді жазалайды. Ал, бірақ
бұндай қылық сәнге (модаға) айналып және қызғаныш күлкілі болып саналған жағдайда
(ал асқан молшылық кезеңдерінде әрқашан да солай болады), әйелдің мінезі айқын
көрінеді: өзінің ер адамдарға деген көңілін білдіру арқылы әйел еркіндікке және сонымен
бірге бүкіл кек азаматтар затын билеп алуға талпынады. — Қылымсу деп аталатын бұл
қабілет жаман атаққа ие болғанымен де, оны ақтайтын шынайы негіз жоқ емес, себебі жас
әйел үшін әрқашанда жесір қалу қауіпі бар, осы жайт әйелді ондай жағдайға душар болып
қалса сөз салатын адам таппай қалмау үшін, тұрмыс жағдайы некеге отыруға мүмкіндік
беретін барлық ер адамдарға өзінің сүйкімділігін көрсету түрткі болады.
[Жазушы] Поп әйел затын (әрине, оның мәдениеттілерін) екі жағдай сипаттайды деп
есептейді, олар: билікке деген құмарлық және қызыққа деген құмарлық. — Соңғысын
үйдегі емес, әйел өзін тиімді жағынан көрсетіп, ерекшелене алатын ортадағы қызықтар
деп түсіну керек; бұл жерде екінші құмарлық біріншісіне, атап айтқанда, өз
бәсекелестерінен ұнау жағынан ұтылмауға, ал мүмкін болған жерде олардың
Әйелдері
6
ерлерінен таяқ, жемесе, оларды басқа әйелдерге көңілі ауған деп есептеген -
мыс деген орыстар туралы ежелгі аңыз әдетте ертедегі болып саналатын. Бірақ Кук
саяхаты туралы әңгімеде Таити аралында әйелін ұрып-соғып жатқан үндісті көріп, өзінің
тәрбиелігін көрсетіп, әйелге көмекке жүгірген ағылшын матросы туралы әңгіме бар.
Алайда әйел ағылшын матросына бұрылып қарап, сенің мұнда не жұмысың бар: менің
күйеуім осылай істеуі керек, деген екен. —
Барлығын өзінің мәнерімен, сүйкімділігімен жеңу құмарлығына айналады. — Алайда
бірінші көрсетілген құмарлық жалпы кез келген құмарлық сияқты бір адамдарды басқа
адамдарға қатысты сипаттау үшін жарамайды. Себебі барлық адамдар үшін тиімді нәрсеге
құмарлық, демек, билікке құмарлық та мүмкін болғанша барлық адамдарға тән; сондықтан
да ол ешкімді де сипаттамайды. — Бірақ әйелдердің үнемі бір-бірімен араз болып, ер
адамдармен кәдімгідей жақсы қарым-қатынаста болуы, егер бір әйелдің өзге әйелден ер
адамдар тарапынан көрсетілген жақсы ниет пен жанқияр достығы жағынан озық болу
үшін бәсекелестігінің тура табиғи салдары болмағанда, бұл жағдайды әйелдерді
сипаттайтын ерекшеліктерге жатқызуға болар еді. Сонда билікке деген құмарлық шын
мақсат, ал оларға өздерінің сүйкімді жақтарын көрсетуге мүмкіндік беретін қоғамдық
қызықты - жиындар олардың бірінші мақсатын іске асыру үшін қызмет ететін құрал ғана
екен.
Бұл жыныстың сипаттамасына, біздің өзіміз өзімізге қойған мақсатымыз емес, табиғаттың
әйелді жаратқандағы мақсаты принцип болған жағдайда ғана жетуге болады; ал бұл тіпті
адамдардың ақымақтығы арқылы [қол жеткізуге болатын] мақсат, табиғаттың жоспары
бойынша даналық болуға тиіс болғандықтан, табиғаттың осы ықтимал мақсаттары бізге
6
Сондай-ақ әйел ашықтан-ашық басқа ер адамға қылымсып жатқанда, оның күйеуі оған назар аудармастан,
арақ-шарап ішіп, карта ойнаумен не басқа әйелге қырындаумен болса, онда жары оған тек жиіркенішпен
ғана емес, тіпті жек көрінішпен қарай бастайды, себебі әйеліне күйеуі оны енді бағалаудан қалып,
басқаларға өзі мүжіп болған сүйекті кеміруге берген сияқты бергендей болып көрінеді.