Қазақстанның ашық кітапханасы
кезінде жақсырақ болады ма? — деген сұрақ туындайды. — Ең алдымен өз бетімен өмір
сүретін барлық басқа хайуандардың әрбіреуі өзінің міндетін толық атқаратындығын атап
өту керек; ал адамдарды алсақ, мүмкін тек бүкіл адам заты ғана шығар, сондықтан да адам
баласы өзінің осы міндетіне сансыз көп ұрпақтарының бірінен соң бірі бірте-бірте алға
қарай жылжуы арқылы ғана жете алады; бұл жерде оның алдындағы мақсаты әрқашан тек
болашақта болады, алайда, осы түпкі мақсатына қарай ұмтылу, оның жолында кедергілер
жиі кездескенімен, өз бағытын ешқашан өзгерте алмайды.
III. Моральдық қабілеттер. Мұнда мәселе адамның табиғатынан мейірімді ме, немесе
табиғатынан жаман ба, немесе қандай тәрбиешіге тап болғанына қарай (cereus in vitium
flecti etc. табиғатынан осы екеуіне де бірдей құмарлықта екендігінде. Соңғы жағдайда
тектің өзінің ешқандай мінезі болмас еді. — Бірақ бұл жағдай өз-өзіне қарама-қайшы
келеді, себебі, практикалық зерде қабілеті бар және өзінің еркі өзінде екендігін түсінетін
тіршілік иесі (тұлға) өзінің парыз заңына бағынатын тіпті ең бір көмескі түсініктерінде де
өзін осылайша ұғынады, және өзімен әділетті немесе әділетсіз болды немесе өзі
басқаларға қатысты солай болдым деген сезімді (бұл кезде моральдық сезім деп аталатын)
бастан кешеді. Бұл — жалпы адамзаттың ақылмен ұғынылатын мінезі болып табылады,
және бұл мағынада адам өзінің туа біткен қасиеттері жағынан (табиғатынан) мейірімді;
бірақ [бізге] тәжірибе көрсетіп отырғандай, оның белгілі бір нәрсенің рұқсат
етілмейтіндігін біле тұра, сол рұқсат етілмеген нәрсеге бар күшімен жігерлі ұмтылуға
бейімділігі, яғни жамандыққа бейімділігі бар, бұл бейімділік адам өз еркіндігін пайдалана
бастағаннан-ақ, міндетті түрде және соншалықты ерте оянады, сондықтан да туа біткен
болып қарастырылуы мүмкін, осы себептен де адамды оның алғырлық қасиетіне қарап
(табиғатынан) мейірімсіз деп есептеуге болады; және де әңгіме егер тек мінезі туралы
болған жағдайда, бұның ешбір қарама - қайшылығы жоқ, себебі, оның табиғи түпкі
мақсаты ілгері қарай жақсылыққа үздіксіз ұмтылу деуге болады.
Адамның түпкі мақсатына қатысты прагматикалық антропологияның қорытындысы және
оның дамуының сипаттамасы мынадай. Адам өзінің санасы арқылы адамдармен қарым-
қатынаста болуға және осы қарым-қатынаста өнер мен ғылымның көмегімен өзінің
мәдениетін, өркениеттілігін және адамгершілігін арттыруға, және өзі бақыт деп атайтын
тыныштық пен қамсыздық сезіміне бейқам берілуге хайуандық бейімділігі қаншалықты
зор болса да, өзінің табиғатының тұрпайылығымен өзіне күштеп таңылатын
кедергілермен жігерлі күрес жүргізе отырып, адам затына лайықты болу үшін
жаратылған.
Демек, адам жақсылық үшін тәрбиеленуі керек; бірақ оны тәрбиелеуге тиіс адамның өзі
әлі табиғи тұрпайылықтан ада болмаған және де сонымен бірге оның өзіне де жетіспейтін
нәрсеге қол жеткізуін мүмкіндік жасауға тиіс. Өзінің міндетінен үнемі ауытқу және оған
қайтып оралуға қайта - қайта қайталанатын талпыныстар жасау осыдан келіп шығады. Біз
осы мәселені шешудегі қиындықтарға және оны шешуге кедергі болып отырған
нәрселерге тоқтала кеткіміз келеді.
А
Адамның алғашқы табиғи мақсаты хайуанның бір түрі ретінде өзінің тұқымын сақтауға
деген талпынысында жатыр. — Бірақ бұл жерде оның дамуының табиғи кезеңдері
азаматтық дамуының кезеңдерімен сәйкес келмейді. Біріншілері тұрғысынан, ең
болмағанда, өмірінің он бесінші жылында, дені сау болса жыныстық инстинкттері оянып,
өзі тәрізділерді өмірге келтіріп, өз тегін жалғастыруға қабілетті болады. Екіншілері
тұрғысынан (әдетте) ол жиырма жасқа дейін олай етуге тәуекел етуі неғайбыл. Шын