173
17.10. Ұстаз Боюядан сұрады: — Сен "(Кітаптағы)" "Чжоу патшалығының өлеңдері" мен
"Шао патшалығының өлеңдерін" оқыдың ба? Кім оларды оқымаса, ол қабырғаға аңырып
тұртанға ұқсайды.
17.11. Ұстаз айтты: — "Ережелер, ережелер" деп тақылдағанда, тек яшма мен парчадан
тарту ететін сыйлықтарды ғана ескере ме? "Музыка, музыка" деп қақсағанда, тек қоңырау
мен дағыраны қағуды ғана ескере ме?
17.12. Ұстаз айтты: — Сырт көзге қаһарлы көріну, жан-тәнімен жалтақтыққа берілу —
бұл ұсақ адамның сылаңы; ол терезе арқылы, әйтпесе қабырғадан асып үйге кірмек ұрыға
ұқсайды.
17.13. Ұстаз айтты: — Жалған мен жақсыға парықсыздық — ізгілікке іріткішілдік.
17.14. Ұстаз айтты: — Кім естігенін жолда қайталаса, ол ізгіліктен алшақтайды.
17.15. Адамдығы ұсақ-түйекпен бірге әміршіге қызмет егуге болады ма? Ол қызметке
орналасқанша оны ала алмай қалам ба деп қауіптенеді, оны алғасын, қызметтен айырылып
қалмасам деп қорқады. Қызметті жоғалтып алмайын деп, ол кезкелген қылықты істеуге
дайын.
17.16. Ұстаз айтты: — Бұрында адамдардың үш түрлі кемшіліктері болды, ендігі бұл
кемшіліктер тіптен жоқ. Ертегісін еркін адамдар өздерін ұстай алды, ендігі өз дегенімен
істейтіндер тоқтаусыз-ақ. Бұрында өзін сүйген адамдар өздерін ұстай алды, ендігілер
ұятты ашумен бүркемелейді. Бұрында ақымақтардың өзі тікелігімен көзге түсті, енді
ақымақтар да алдаумен шұғылданады.
17.(18)19. Ұстаз айтты: — Мен бұдан кейін сөйлемей-ақ қояйын. Цзы Гун айтты: — Егер
сөйлемейтін болсаңыз, онда шәкірттеріңіз нені жеткізбек? Ұстаз жауап берді: — Осы,
Аспан сөйлейді ме? Дегенмен төрт мезгіл(маусым) бірін-бірі әдетте алмастырып жатады.
Күллі мән бір ыңғайдан туындайды. Сонда көк Аспан сөйлейді ме?
17.21. Цзай Ва сұрады: — Ата-анаға деген үш жылдық қаралы күндер тіптен ұзақ емес
пе? Егер бекзат кісі үш жыл бойы рәсімді сақтап жаттықпаса, онда міндетті түрде
рәсімдер бұзылады. Егер (ол) үш жыл бойы музыкамен шұғылданбаса, онда әлбетте
музыкада нашарлайды.
Асылы, ата-анаға деген азалы күндерді бір жылмен де шектеуге болады той. Осы уақытта
көмбедегі азықты тауысып, жаңа астыққа кіріседі, отындыққа жаңа ағаштардың түрлерін
жаға алады.
Ұстаз сұрады: — Егер бір жылдан кейін күрішпен тамақтанып, парчадан киім кисең, онда
сен тынышталар ма едің? — Иә, тынышталар едім. (Ұстаз айтты): — Тынышталатын
болсаң, онда солай істей той! Бекзат кісі азалы күйінде тамақтың дәмін татып
қанағаттанбайды, ән-күйге қызықпайды, үйінде де тыныштық таппайды. Сондықтан ол
(жылдық азамен) шектелмейді. Сен, шынымен-ақ, жұбанатынды сезінетін болсаң, солай
істей ғой!