Page 172 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

172
жиырылады. Ұсақ адам көк Аспан сұсын ұқпай, оның алдында толқыған үрейді
сезінбейді, ұлы адамдардан именбейді және ділмәр даналардың сөздерін елең қылмайды.
16.9. Кун-цзы айтты: — Кім туа біткен білімдерді иеленсе, ол бәрінен де жоғары; одан
кейінгіге қиыншылыққа ұрынып, ілімге кіріскендер жатады. Кім қиыншылыққа ұрынса
да, ілімді білуге талпынбаса, халық оларды ұсақ-түйек топқа жатқызады.
16.10. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі (әрдайым) тоғыз (ережені) ескереді: әр нәрсені айқын
көруге тырысады; жарқын жүзді болуға тырысады; нақты есітуге көңіл аударады; үлгі
боларлық ізетті елейді; сөздің шындығына жүгінеді; істерде абайлықты ұмытпады;
күдіктенгенде ақыл-кеңес сұраудан тартынбады; ашу-ызада оның салдарын ескеруге
тырысты; бір нәрсені аларда әділеттілік сезімінен шытуды есінен шығармады.
16.11. Ұстаз айтты: -"Үлгеру үшін жақсы істерді істеуге асығу (керек); бекер күйіп қалмау
үшін, жаман қылықтардан қашқақта" — мен мұндай адамдарды кезіктірдім, ондай
сөздерді есіттім де. "Өз еркінді шынықтырғың келсе, оңашада өмір сүр; өз Дао-Жолыңды
таратқың келсе, әділеттілікке жүгініп әрекеттен",— мен мұндай сөздерді есіттім, бірақ
ондай адамдарды кезіктірмедім.
17-тарау. "Ян Хо..."
17.(1)2. Ұстаз айтты: — Табиғи қасиеттер адамдарды жақындатады, ал қабылдаған
әдеттер — алыстатады.
17.3. Ұстаз айтты: — Тек жоғарғы даналық пен ұсақ-түйек ақымақтық қана ешқашан
өзгермейді.
17.6. Цзы Чжан Кун-цзыдан адамсүйгіштік туралы сұрады. Кун-цзы жауап берді: —
Кімде-кім бес (ізгілікті) таратуға қабілетті болса, Аспан астыңдағылар оны адам сүйгіш
деп атайды. — Солар туралы сұрауға рұқсат етсеңіз. (Ұстаз) жауап берді: — Бұлар —
қошеметтеушілік, сыпайыгершілік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық. Егер адам
қошеметшіл болса, оны жек көрмейді. Егер адам шыншыл болса, оған сенеді. Егер адам
зерек болса, ол табысқа жетеді. Егер адам мейірімді болса, ол адамдарды жұмсай алады.
17.8. Ұстаз айтты: — Ю! Сен (ықылассыз оқуда) алты қателікке ұрындыратын алты
сөзді білесің бе? — Жоқ,— деп жауап берді (Цзы Лy).
Онда, тыңдағын. Оқуды ұнатпай, адамсүйгіштікке талпыну — ақымақтық; оқуды
ұнатпай, білгірлікке ұмтылу,— өмірдегі тұрақтылыққа апармайды; оқуды ұнатпай
адалдыққа талпыну,— адамдарды зияндыққа ұрындырады; оқуды ұнатпай
туралыққа ұмтылу,— қызбалыққа бой ұрғызады; оқуды ұнатпай ерлікке
талпыну,— бұзақылыққа ұшыратады; оқуды ұнатпай қатаңдықты қолдау,—
делқұлылықты қоздырады.
17.9. Ұстаз айтты: — Менің жас шәкірттерім, неліктен сіздерден ешкім де "Өлеңдер
(кітабын) оқымайды! Сол кітап арқылы қиялды дамытуға да, көзқарасты кеңейтуге де
болады ғой, адаммен жұғысуды және мысқалдауды үйренеді. Одан жақыннан — әкеге,
алыстан — әміршіге қалай қызмет етуді біле алады, құстар мен аңдардың, өсімдіктер мен
ағаштардың атауларын біледі.