160
қарап, жоспарын ойластыруды ұнатып қана қоймай, табысқа жете алатындарды өзіммен
бірге алар едім.
7.12. Ұстаз айтты: — Егерде дәмелі байлық болса, онда мен базардың қақпасын күзетуге
келісер едім. Дәмеленетін мүмкіндік болмаса, онда мен өзіме ұнайтын іспен шұғылданам.
7.16. Ұстаз айтты: — Дәмсіз тамақты жеу, су ішу, шынтақтап бүктеле ұйықтау — мұның
бөрі де қанағаттанарлық күй. Маған тер төкпеген байлық пен атақ өтпелі бұлт сияқты.
7.20. Ұстаз айтты: — Менің білімім туа біткен емес. Мен білімді тек ежелгі дүниеге деген
сүйіспеншілік және (оқудағы) табандылық арқылы игердім.
7.21. Ұстаз керемет ғайыптар туралы, денелік күш, хаос пен рухтар туралы айтпады.
7.22. Ұстаз айтты: — Егер (біз) жолда үшеу болсақ, онда екі (жолаушының) әрқайсысы
менің жетекшім бола алады. Мен жақсылықты таңдап, соған еремін, жаман нәрсе
сақтыққа үйреткенде тана жөнделуге жәрдем етеді.
7.25. Ұстаз төрт ғылымға — вэнь - мәдениетке, іс - қылықтағы (әділеттілікке),
берілгендікке және адалдыққа үйретті.
7.28. Ұстаз айтты: — Тереңге тәнтілік танытпайтын адамдар ғана шамасына қарап
ойланбай-ақ іске кірісуге бейім турады. Мен ондай емеспін. Көп тыңдаймын, одан ізгілікті
таңдаймын, соны бетке ұстаймын. Көп нәрсені бақылап, есте сақтаймын. Мұндай білім
қосалқылыққа жол ашады.
7.30. Ұстаз айтты: — Адамды сүю бізге жат па? Адамдықты ұнатып ұмтылсаң болғаны,
адамсүйгіштік қалыптасады.
7.33. Ұстаз айтты: — Мен оқымыстылығыммен басқаға ұқсаймын. Ал бекзат кісінің қадір-
қасиетін толық игере алмадым.
7.34. Ұстаз айтты: — Даналық пен адамсүйгіштіктің кемел түрлерін алсақ, мен оларды
игере алар ма екенмін? Бірақта жалықпай оқимын және еңбектенем, шаршауды білмей
үйренем,— өзім туралы осыны ғана айта алам. Гунси Хуа айтты: — Байыбына барсақ, біз
осыны үйрене алмай жүрміз.
7.35. Ұстаз қатты науқастанды. Цзы Лу оған (табиғат рухына) табынуды өтінді. Ұстаз
сұрады: — Солай істейді ме екен? Цзы Лу жауап берді: — Істейді. "Иман шартта" былай
делінген: "Жер мен Аспанның рухтарына табын". Ұстаз жауап берді: — Мен көптен бері
табынам.
8-тарау. "Тай Бо..."
8.2. Ұстаз айтты: — Ережесіз қошаметтеу әбігерлікті тудырады; Ережесіз сақтық
жасқаншақтықты тудырады; Ережесіз батылдық бүлікті тудырады; Ережесіз қайтпастық
тұрпайылықты тудырады. Егер бекзат кісі туысқандарына беріле қызмет етсе, онда
халықта адамсүйгіштік өрбиді; егер ол ескі достарын ұмытпаса, онда халық
ынтымақтықты ұмытпайды.