159
6.27. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі вэнь — мәдениетті кеңірек танитын күйде жөне өзін
үнемі Ережелерде ұстағанда,— бұл рәсімді бұза алмайды.
6.28. Ұстаз Наньцзыны қарсы алуға шығады. Цзы Лу оған ренжиді. (Ұстаз) шын ниетін
білдірді: — Мен дұрыс істемесем, көк Аспан мені қабылдамасын! Иә, көк Аспан мені
қабылдамасын!
6.29. Ұстаз айтты: — Тендікке табан тіреу — ең жоғарғы рақымшылдық! Бірақ адамдар
бұл нұсқауға өте сирек құлақ асады.
6.30(28). Цзы Гун айтты: — Егер де халықты аянбай жарылқап, бәрінің де тұрмысын
жақсартпақ адам табылса, оны қалай бағалар ең? Оны адам сүйгіш деуге болады ма? Ұстаз
жауап берді: — Неге адам сүйгіш деп қана? Оны нағыз данагер деуге болады ғой! Оның
іс-әрекеті Яо мен Шуннан да асып түспек. Адамсүйгіштік дегеніміз не? Егер сен өзің аяқта
нық тұрғың келсе, онда басқаның да аяққа тұруына қол үшін бер. Егер сен жұмысың
жақсы жүрсін десең, әрі оны қаласаң, онда өзгелердің істерінің жақсаруына көмектес.
Мұндай (адам) үлгілі болуға лайық. Ол туралы дәм сүйгіштік өнегені үйренген, деп
айтады.
7-тарау. "Мен беремін..."
7.1. Ұстаз айтты: — Мен беремін, бірақ жасамаймын. Мен көнеге сенемін және оны
ұнатамын. Осы тұрғыдан өзімді Лао Пәнмен салыстыруға бейіммін.
7.2. Ұстаз айтты: — (Коп сөйлемей), тек есте іріктеп, жүректе сақта; зерікпей ықыластана
оқы; шаршап-шалдықпай өзгелерге бағыт бер,— бұдан мен не тындырам?
7.3. Ұстаз айтты: — Егер ізгі адам жетілмей, ілімге терең бойламай, парыздың ұлағатын
білсе де, оған ере алмаса және кемшілігін жөндей алмаса — мұның бәрі де мені
күйіндіреді.
7.5. Ұстаз айтты: — Япыр-ау, менің ұнжырғам қалай түсіп кетті. Көптен бері Чжоу-Гунды
түсімде де көрмейтін болдым.
7.6. Ұстаз айтты: — Дао-Жолға жетуге ерік-жігерді толық жұмсап, ізгілікті бол,
адамсүйгіштікке сүйен, өнерлі болуға жаттық.
7.7. Ұстаз айтты: — Егерде маған кептірілген аз ет әкелсе де, мен ешқашан оқытудан
тартынбаймын.
7.8. Ұстаз айтты: — Мен білімге ұмтылмаған ешкімді де дұрыс жолға қоя алмаймын. Мен
өз ойларын жеткізуде қиналмайтынды үйретпеймін. Бір бұрыш арқылы қалған үш
бұрышты табуға қабілетсізге мен ойымды қайталамаймын.
7.12 (11). Ұстаз Ян Юанға айтты: — Егерде (бізді) қатыстырса, әрекеттенеміз; егерде
(бізге) теріс қараса, аулақтанамыз. Тек екеуміз ғана осылайша істей аламыз. Цзы Лу
сұрады: — Егер де Сізге армияны басқаруға сенім білдірсе, кімді өзіңізбен алар едіңіз?
Ұстаз жауап берді: — Құр қолмен жолбарысқа шабуылға (дайынмын) немесе өзеннен
жүзіп өтемін деп, абайсызда (әйтеуір) қаза табатынды емес, керісінше, іске сақтықпен