Page 149 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

149
1-тарау. «Оқу және...»
Ұстаз айтты: — Оқып, білгеніңді дер кезінде үйрету — қуаныш деген осы емес пе? Дос-
жаран алыстан (арнайы) келсе, одан мәртебең көтерілмей ме? Адамдар оны білмейді, ал
қабағы ашылмайды,— бекзат кісі дегеніміз осы ма?
1.2. Ю-цзы айтты: — Ұлдық парыз бен үлкен ағайындарға деген ізет құрметін сақтайтын
адамдардың арасынан басшыларға қарсы келетіндер некен-саяқ. Басшыларға қарсы
келгенді ұнатпай, бүлік тікті бастауды қалайтын адамдар тіптен болмайды. Бекзат кісі
өзінің ынта-ықыласын түбірге түйіндейді. Егер түбір түйінделсе, онда Дао-Ақ жол
туындайды. Ұлдық парыз бен үлкен ағайындарға деген ізет құрмет адамдықпен
ұластыратын түбір тамыр.
1.3. Ұстаз айтты: — Ептей сөйлеп, райын суытуға ысылғандық.... Мұндай кісілерде
адамды сүю қаншалықты таяз-ақ.
1.4. Цзэн-цзы айтты: — Мен күніге үш мәрте өзімнен сұраймын: ісінді жөнде деп кеңес
бергенге жан-тәнімнің осы бар күш-қуатын жұмсай алдым ба? Досыммен қатынаста
әрқашанда адал бола алдым ба? Маған үйреткенді қайталадым ба екен?
1.5. Ұстаз айтты: — Қарамағында мыңдаған әскери арба - жарақтары бар мемлекетті
басқаруда ықыласты мейлінше осы іс-әрекетке шоғырла да, (халықтың) сенімін ақта;
шығысты үнемдей біл және адамдарды аяғын; халықты тиісті кезде пайдалан.
1.6. Ұстаз айтты: — Жас бүлдіршіндер үйде ата-аналарын құрметтеуі тиіс, түзде —
үлкендерді сыйлауы, іс-әрекетте — сақ болуы, сөзінде — әділ, адамдарды шексіз сүюі,
сүйтіп адамсүйгіштерге жақындай түсуі абзал - ақ. Егер парыздарын осылайша
орындағандардың ынта-ықыласы басылмаса, оны вень мәдениетті (кітапты — Ж.М.)
оқуға жұмсауы қажет-ақ.
1.7. Цзы Ся айтты: — Егер кімде-кім әйелімен қарым-қатынаста оның сыртқы көрінісіне
анау айтарлықтай көңіл аудармай, адамдық қасиеттерін бағаласа, ата-анасына қызмет
етуде бар күш-қуатын жұмсаса, әміршіге қызмет етуде өмірін аямаса, достарымен қарым-
қатынаста шыншыл болса, онда оларды парасаттылықтың иегері деп айтпаса да, мен
сауатты дер едім.
1.9. Цзэн-цзы айтты: — Егер ата-ананы жерлеудегі күллі қайғылы рәсімді мұқият сақтасақ
және бабалардың рухын жадымыздан шығармасақ, онда халықтың ақылағы жөнделе
бермек.
1.10. Цзы Цинь Цзы Гуннан сұрады: — ұстаз қай мемлекетте болмасын үнемі басқару
тәсілдерін білуге ынтық болды. Иә, ол бұған өзінше ұмтылды ма, әлде біреу оның есіне
салды ма? Цзы Гун жауап берді: — Ұстаз діттегеніне әрдайым түгел жетті, өйткені ол
мейірімді, ашық, құрметті, қарапайым және келісімпаз болды. Оның талпыныс дәйегі
өзгеше еді.
1.11. Ұстаз айтты: — Әкесінің көзі тірісінде, оның (баласының) талпынысын байқа; әкесі
өлген соң, оның (баласының) мінез-құлқын байқа. Егер ол үш жыл бойы әкесінің Дао - Ақ
жолынан шықпаса, онда мұны ұлдың құрмет қошаметі деуге тұрарлық.