Page 292 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

292
– Бұл жердегі ел мəдени шараларды іздеп қала орта-
лықтарына ат сабылта ма, əлде аудан ішінде жұрт көңіл
көтеріп, мəдени демалыстарын өткізетін орталықтар бар
ма?
– Əрине, қала орталығында мəдени іс-шаралар өткізілетін
тамаша жерлер жеткілікті. Бірақ, Түрксіб ауданы тұрғындары
да ол жағынан еш кенде емес. Олай дейтін себебім, 2006 жылы
С. Сейфуллин атындағы саябақта күрделі жөндеу өткізіліп,
«Табиғат» деген жаңа су бұрқағы салынып, аудан тұрғындары
қуанып қалды. Ауданымыздағы көптеген мəдени іс-шаралар
да осы саябақ ішінде өтеді.
Мемлекеттік мейрамдар кезінде Түрксіб ауданындағы
«Балалардың шығармашылық үйі» көп қолғабыс көрсетеді.
Отыз үштей үйірмесі бар шығармашылық үйде 2000-дай бала
дəріс алып келеді. Олардын ішінде көптеген халықаралық,
республикалық байқаулардың жүлделерін жеңіп алып жүр-
гендер де бар.
Аудан аумағында 130 гектар жерді алып жатқан керемет
Баум тоғайы орналасқан. Автомобильдің шамадан тыс көптігі-
не жəне қаланың экологиясының нашарлап қоршаған ортаның
ластануына байланысты Баум тоғайының маңыздылығы айт-
паса да түсінікті деп ойлаймын. Шын мəнінде, бұл тоғай бүкіл
Жетісу жəне Түрксіб аудандарының өкпесі болып санал-
ғанмен, оның жағдайы күннен-күнге нашарлап барады. Соңғы
жасалған сараптама кезінде Баум тоғайының 70 пайыздан ас-
там ағаштарын ауыстыру қажеттігі белгілі болды. Бірақ, Қазақ-
стан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ-
тар» Заңынын 45-бабындағы 10-тарауына сəйкес біз бұл тоғай-
дың хал-жағдайын жақсарту шараларын жасай алмай келеміз.
Алматыға ат басын тірейтін шетелдік қонақтардың көбі
əуежайдан түсіп, қала орталығына қарай біздің ауданның үс-
тінен өтеді. Яғни, біздің аудан Алматының қақпасына айнал-
ған. Қонақтардың ең алдымен көргені көңілдерінде сақталып
қалатыны белгілі. Сондықтан, ауданымызды үнемі таза таби-
ғи қалпында сақтап отырғымыз келеді.
– Көпшілікпен болған кездесулерде сіз өзіңізді өте көңіл-
ді ұстайсыз. Мұңдай көңіл-күй осылай болу қажеттігінен