Page 256 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

256
ында тебірене жазған бір мақаласы басылған болатын. Онда,
тіпті, біздің бойымыздағы мінімізге дейін жақсы айтылған еді.
Сол мақаланы мен қайта-қайта оқыдым, маған ерекше əсер еткен
дүниенің бірі болды. Сағымданған сары дала көз алдымда тұрып
алды. Сөйтіп, тоқ етерін айтқанда, «Сағым дала» күйі өмірге
келді. Оны Мұхтар Мағауиннің сол еңбегіне арнадым. Сағым
дегеннің өзі адамның жанын тербейтін ерекше нəрсе. Сағымның
аржағында да жасырынған шындық, ақиқат жатады.
Ата дəстүріне, халқымыздың қанына сіңген қазақ қасиет-
теріне арналған күй-толғауларым да томағасын сыпырып, қа-
натын қомдап барып самғап ұшты. Оларға да асыққаным жоқ,
енді, міне, қазір «менен кетті – саған жетті» дегенді айтуға бола-
ды. «Жорға», «Жырау» деген күйлерім солай əбден бапталып,
мəн-мағыналы да нəрлі бояуға малынып барып өмірге келген.
Əрине, бəрін бірдей жеріне жеткізіп айта алдым демеймін, де-
генмен, ол менің көңіл-күйім ғой.
Бекет атаға арнаған «Бекет ата» деген күйім бар еді, мен
қателесіп келіппін, оның атын «Пырақ» деп өзгерттім. Мына
дін жолына қадам басып, оң-солымды анықтап тани бастаған
соң, көзқарасымда да өзгерістер болды. Шығарманы əруаққа
арнауға болмайды екен.
Өзінен-өзі, əйтеуір Құран сүрелері көңілімде жатталып, на-
мазға жығылып, ораза ұстап жүрмін. Бұрын сауатсыз болып
келген екенмін ғой, Құдайдан қорқып, адамнан ұялғаннан,
күйімнің атын өзгертуге мəжбүр болдым. Ол да өзі діни мəнге
ие болып тұр. Пырақ болғанда да жəй пырақ емес, Мұхаммед
пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) миғражына байланысты айтыла-
тын – Алланың алдына барғандағы көлігі. Діни кітаптарда су-
реттелгендей, есектен үлкен қашырдан кішілеу, ат деп айтыл-
май, пырақ делінген. Мəне, күйдің атын солай «Пырақ» деп
өзгертіп, миғраж оқиғасына байланысты деген түсініктеме
бердім. Шынымды айтсам, содан кейін күнəларымнан арыл-
ғандай болып, бір жеңілдеп қалдым. Біз Алладан сұрасақ,
күнəларымызды кешіруін ғана сұрауымыз керек. Өйткені, Алла
үлестіруші емес, үйлестіруші. Өйткені, біліп істеген, білмей
істеген күнəларымды кеше гөр деп шын сұрасақ, Алла кешірім-