Page 20 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

20
ҚЫЗДАР ИНСТИТУТЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
Құрметті редакция!Кейінгі кездері астанамыздағыҚыздар
педагогика институтының жабылатындығы жайлы сөздерді
жиі естіп қалып жүрміз. Мұның қаншалықты дəрежеде рас-
өтірігін, əрине, біз білмейміз. Сондықтан да қолыма қалам
алып, өздеріңізге хат жолдауды орынды санадым. «Жел тұр-
маса, шөптің басы қимылдамайды» ғой, сонда ендігі жерде,
шынымен-ақ, қыздар институтының қажеті болмағаны ма?
Алмагүл КЕНЖЕБЕКОВА,
Жаңақорған ауданы,
Қызылорда облысы
* * *
Қыз Жібек, Баян, Еңлік, Гүлбаршын, Құртқа, Қарашаш си-
яқты қазағымыздың кешегі өткен ару қыздары біздер үшін
мақтанышқана емес, үлгі-өнеге. Сұлулыққа құштар адам өмірге
де құштар болып өседі. Алайда, қазақтың асыл қыздары əңгіме
бола қалса, көбіне өткен ғасырлардан мысал іздеп əуреге түсіп
жатамыз. Бəлкім, дұрыс та шығар, дегенмен, ол қазіргі қазақ
қыздарының ішінде ауызға алуға тұрарлығы жоқ деген сөзді
меңземесе керек. Бұл орайда тек қазақ қызының шын бейнесін
таныта алмай жүрген ақын-жазушы ағаларымызға өкпе айтуға
тура келетін сияқты. Бірақ, менің айтпағым ол емес. Негізінен,
қазақ қыздары ғана оқитын бірден-бір жоғары оқу орнын
«ЖенПИ» деп сүп-сүйкімсіз етіп атап жүрміз. Неге? Асыл ару-
ларымыздың бірінің атын осы оқу орнына беруге болмас па
еді? Аты аңызға айналар болашақ аруларымызды түлетер орын
тек осы ғана болуға тиіс деп ойлаймын. Сондықтан, бұл оқу
орны да өз атына лайық болуы керек. Осы тұрғыда ой өрбітіп
көрсек қайтеді?.