Page 196 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

196
ларымызды ары қарай да, белгілі бір мерзімге дейін алып
тұрған болар едік. Сондай-ақ, ірілі-ұсақты əртүрлі кəсіп-
пен айналысуға, барып-келіп тұруымызға қолайлы, пайда-
лы болар еді. Түркиядағы үйлерімізді, жерлерімізді сатуға да
асықпай кірісер едік,
Екіншіден,
көшіп келгелі отырған 35 отбасы бір жерге ор-
наластырылса, біз келе сала, өзіміз мешітімізді, медресемізді
салып, балаларымыздың оқу-тəрбиесімен өзіміз айналысамыз.
Үшіншіден,
саудамен, қолөнермен, тері өңдеу кəсібімен,
мал, егін шаруашылықтарымен қатар айналысуға қолайлы қала
аймағына жақын маңынан жер, үй берілсе дейміз.
Біз əрбір отбасы бір мың доллардан жиып мал, егін шаруа-
шылықтарымен айналысуға қажетті құрал-сайман, техника
сатып алуға келісіп отырмыз. Осы айтқан үш мəселе оңтайлы
шешімін тапса, біз өзгелерге өнеге боларлық шаруалармен ай-
налысар едік. Артымызда алаңдап отырған басқа ағайында-
рымыз да өз Отандарына қамдана көшіп келер еді. Бұдан Қазақ-
стан үкіметі ұтпаса, ұтылмайды деген ойдамыз.
– Əңгімеңізге рахмет, мақсаттарыңызға жетіңіздер.
«Түркістан» газеті, 7 – 13 көкек, 1999 жыл
БЫЛТЫР ҰЖЫМ ЖЕТЕКШІМІЗ ЖЫЛАДЫ
БИЫЛ ШЕ?..
Ауыл ел экономикасының іргетасы десек, қателеспейміз.
Ауыл проблемалары шешім таппайынша, ілгері басудың мүм-
кін еместігін үкіметіміз де біліп отыр. Алайда, көріп-біліп оты-
ру басқа да, нақтышаралар қолдану бір басқа болса керек. Ауыл
шаруашылығын көтеру мақсатында жекеленген адамдарға
400 доллардан несие беру де, диқандар астығын үкіметтің са-
тып алуы да, бүкіл бір облыстың бюджетін кепілдікке салу да
көптеген жерде өз шешімін таба алмады.
Былтырғы жылы өз ұжымдарының бүкіл техникасын, же-
ке үйін кепілдікке салып, несиеге тұқымдық астық алған бри-