Page 189 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

189
мания дəрігерлік қайырымдылық қорында кеңесші болып қыз-
мет істейді.
Екіншіден, балалардың Қатерлі ісік-қан аурулары орталы-
ғы ешқандай жеке қаржымен емес, əлгі қайырымдылық қоры-
ның күшімен ашылыпты. Əрине, бұл жерде Қазақстанда туып-
өскен Валентин Герайнның да, жалпы Кэр-Германия қайырым-
дылық ұйымының да біздің елімізге деген оң көзқарасының
ықпал етпей қалмағаны анық.
Бұрынғы КСРО ау қатерлі ісік-қан ауруларының көптеп
етек жаюы – Кэр-Германия қайырымдылық ұйымына өз
жұмыстарын жаңаша ұйымдастыруға түрткі болады. Бүкіл бір
алып елдің сырқатқа шалдыққан жандарын Германия жеріне
əкеліп емдеу мүмкін емес. Сондықтан, 1992-93 жылдары ТМД
көлеміндегі елдерде арнайы орталықтар ашу мақсатымен, тек-
серу-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сөйтіп, Ресейде – он, Қа-
зақстанда – екі орталық дүниеге келеді.
Таңдаудың Қазақстан жеріне түсуінде де көп мəн жатса ке-
рек. Бұл орайда елдегі экономикалық, саяси-əлеуметтік жағ-
дайлардың ескерілетіндігі өз алдына, сондай-ақ дəрігерлік
ғылымның деңгей-дəрежесі, маман кадрлардың біліктілігі
ерекше назар аудартады. Себебі, ертеңгі күні ғылыми-емдеу
орталығына иелік ететін де, ауруға қарсы күрес жүргізетін
де – солар. Мұны ойлағанда, қазақстандық дəрігерлердің қол
жеткізіп келе жатқан табысына мақтанышпен өзің бір сəт кеу-
де керіп қалғандай боласың.
Біздің психологиямыз да қызық қой. «Сыртқа көшіп кеткен
адамның Қазақстанға көңіл бөліп жатқандығы» туралы əңгімені
айтам да. Елең ете қаламыз-ау. Ал, дəл сондай, тіпті, одан да зор
еңбек етіп, тер төгіп жатқан адамдарға көңіл бөле бермейміз. Се-
бебі, олар өз елімізде тұрыпжатыр, үйреніп кеткен көз көңілді селт
еткізбейді. Əйтпесе, өзінің туып-өскен жеріне осында жүріп-ақ
қыруар еңбек сіңіріп жатқан патриоттар аз емес. Біздің түсінігіміз
бойынша, Отанды сүю үшін, оған деген ыстық сүйіспеншілігің-
ді білдіру үшін міндетті түрде шет елде жүру қажет секілді.
Əңгімеміздің өрбуіне себепкер болып отырған Педиатрия
жəне балалар хирургиясы ғылыми орталығында Қатерлі ісік-