136
Дөңгелек үстел басындағы ашық пікірлесудің соңы бір ар-
наға түйісіп, негізінен, мынадай бағыттарда жұмыс жүргізілуі
қажеттігі айтылды:
біріншіден,
жергілікті ұлт өкілдерінің бір-бірімен қазақша
сөйлесуіне қол жеткізу;
екіншіден,
жаппай компьютерлендіру барысында ком-
пьютерді қазақ тіліне көшірудің бірыңғай жүйесін жасау;
үшіншіден,
демографиялық жағдайды, яғни шетелдік ба-
уырларымыздың көшіп-қонуын естен шығармау;
төртіншіден,
радио мен теледидар арналарының қазақ ті-
ліндегі хабарларына бақылау жасау;
бесіншіден,
безендіру мен жарнамаларға үнемі көңіл бөліп
отыру, оларды қазақ тілінде жасау;
алтыншыдан,
ең негізгісі – ресми жиындарда басшылары-
мыздың қазақ тілін алдыңғы орынға шығаруына, жауапты қызмет-
терге Мемлекеттік тілді білетін адамдардың тағайындалуына
ықпал жасау. Мұндай қажеттіліксіз бар жұмысымыздың ешбір
нəтиже бермесін уақыт көрсетіп отыр.
Пікірлесу аяғында дөңгелек үстелге қатысушылар респуб-
лика халқына арнап Үндеу тастауға келісімге келді.
«Түркістан» газеті, 4.02.1998 жыл
АДАМДАР АШТЫҚҚА ТӨЗУІ МҮМКІН,
АЛ ƏДІЛЕТСІЗДІККЕ ТӨЗЕ АЛМАЙДЫ
Жетпегені осы еді!...
Мəселелерінің шешім таппай жатқандығы болмаса, Жаңа-
тас жұмысшыларының ұзаққа созылған аштық жариялауы-
ның, ереуілдерге шығуының себептері белгілі. Олардың талап-
тілектері орындалмайынша, қалада қалыптыжағдай орнатудың
қиындығын тиісті орындар біліп отыр. Енді міне «аспан бір
жауса, терек екі жауады» дегендей, Жаңатас дəрігерлерінің
қателігінен туған қауіпті жағдай туралы хабардың бұрқ ете