Page 122 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

122
ҮШІНШІДЕН,
мектептен бастап барлық оқу орындарында
дін сабағын жүргізген жөн дейміз.
ТӨРТІНШІДЕН,
екінші Мекке атанған Түркістан қаласын
дін орталығына айналдырып, Қазақстан мұсылмандарының
Дін Басқармасын сонда көшірген дұрыс секілді.
БЕСІНШІДЕН,
дінге сеніп, Құдай жолына түскен азамат-
тарды бөлектемей, көппен бірге əскер қатарына шақырған
дұрыс-ау. Коммунистік партияның кезіндегі ескі қағиданың
тозығы жетті деген ойдамыз.
АЛТЫНШЫДАН
, дін саласындағы басшылықты, қаржы-
қаражатты жоғарыдан бақылап, тексеріп отыратын арнайы
буын болғаны дұрыс. Жалпы халыққа ортақ дүние болған-
дықтан, онсыз болмайды. Ол буын тікелей Президент жаны-
нан құрыла ма, үкіметтен бе, əлде дербес пе, оны көпшілік
талқысына салған жөн. Негізі, ешқайсысына бағынбайтын
болғаны дұрыс-ау. Қазіргі таңда барлық іс-шара қаражатқа
тірелетіндіктен, ал ол қаржы тікелей халықтікі болғандықтан,
оған қатаң бақылау болғанын қай адам қаламас дейсің. Қайыр-
садақадан жиналған, арнайы бөлінген қаржы көкке көтеріліп
кетіп жатпаған болар. Коммунистік қоғамда бірінші хатшының
өзі тексеру комиссиясының алдында есеп беретін. Əйтпесе,
пенде болған соң, оны-мұны мəселелер тумай тұрмайды. Ол
төңіректе «Түркістан» газетінде бірнеше мəрте жазылды.
Дін көзбояушылықты, алдап-арбауды, шпиондықты, афе-
ристікті көтере алмайды. Мешіт – Алла-тағаланың жердегі
қасиетті үйі. Ол халыққа арналғаан, ал халық тазалықты, жа-
риялылықты ұнатады.
«Түркістан» газеті, 31.12.1997 жыл