113
ЭКРАНДА – «ЗАМАН-АЙ»
«Елін жеріне ие етсін...»
Жазушы, драматург Сəкен серінің «Заманай мен Ама-
най» романының ізімен таяуда түсірілген режиссер Болат
Шəріповтің «Заман-ай» кинофильмін көрген соң туған ой.
Поэзиядағы шумақ тармақтарының арасындағы ойды оқып
білу талабы өнердің барлық саласына тəн. Болат Шəріптің
«Заман-айын» көріп отырғанда, əрбір көрініс сайын «Мұнымен
не айтпақ болды екен?» деген сияқты сауалдарға жауап із-
дей бастағаным сондықтан да болар. Беташар көріністегі
ауыл-аймақты жиып, ел ақсақалының қой сойыларда берген
батасындағы «Елін жеріне ие етсін, ерін еліне би етсін» деген
сөзін фильмнің эпиграфы деуге болады. Жалпы, кинофильмге
Кеңес дəуірінің құрылу кезеңіндегі қазақ ауылдарының күй-
жайы, атамекенін тастауға мəжбүр болған халықтың Қытай
жеріне үдере көшуі, кейіннен өз ұрпағын туған еліне жеткізуге
талпынған Балзия ананың толғаныс-тебіренісі өзек болған.
Үстірт айтып өткенге осы да жететін сияқты. Ал оның берілу
тəсілі, негізгі айтар ойы дегенге келсек, сөз басқа.
Елін жерінен, ерін елінен айырған аумалы-төкпелі заманның
баржүгінкөтеру, əрине, біркештіңғанасыбағасыемес.Əлі дета-
лай тұлпардың тұяғына тас батып, нағыз нарқасқаларымыздың
беліне салмақ түсер. Ал мына «Заман-айымыз» өзіне артылған
жүкті діттеген жеріне жеткізе алды ма? Қалтарысы мол бұралаң
жолда қандай айла-тəсіл таба білді? Көңіл бөлінбей қалған
көлеңкелі тұстары мен амалсыздыққа барған сəттері бар ма?
Асқаралы Алатауды бетке ұстап асыға басқан екеу: най-
за шыңдарына көкке ұмсынған алып Алатаудан да биік ар-
ман жетегімен келе жатқан əже, болашағы тұмандау бағытқа
бет алған бала. Балзия ана (Зəмзəгүл Шəріпова) мен неме-
ре (Аманай – Арыстан Қиқымов). Жол бойы өткен өмірін
ой елегінен өткізіп, қажет тұстарын немере зердесіне құйып
келеді. Кинодағы бұл көріністер, яғни өткенге шегініс жасау