Қазақстанның ашық кітапханасы
3
жануарға қарағанда әлдеқайда жоғары дәрежедегі бейімделуді жүзеге асырады. Адамның
түсінуі жетілген маймылдармен салыстыруға келмейтіндей бай және ол осы түсінуін өзі
мәтіндерімен оңай бөліседі. Осылайша, зоологиялық әлемде түсіну мен бейімделудің жаңа
түрі пайда болды.
Бейімделу үдерісіндегі жүйкелік – сезімдік - рәміздік қабілетті қолдану біз көзқарас деп
атай алатын соз формулаларында көрініс табады. Қандай да бір адамдар тобының
көзқарастар жиынтығын біз олардың философиясы деп белгілейміз. Демек, философия —
хайуандардың белгілі тегі — адамның аяқ астындағы жер мен оны қоршаған ғарышқа
бейімделуіне көмектесетін күрделі механизм." Философия, әрине, өзі тек бөлшегі ретінде
саналатын мәдени жүйенің басқа қырларымен: технологиямен, әлеуметтік құрылыммен,
өнер формаларымен тығыз байланысты. Бірақ та, бұл жағдайда бізді түсіндірудің, әлемді
түсінікті етудің тәсілі ретіндегі, яғни, осы әлеммен өзара әрекеттесуді адамның ұлы
артықшылығына айналдыратындай таза философия қызықтырады.
Супернатурализм жауаптары толық және кесімді болды: бұл Құдайдың ісі; Құдайдың
жазғанына қарай болады дегеннен басқа айтары болмады. Шындығында, бұл жауаптар
ештеңе айтпады, олар қаншама кесімді болса, соншама бос еді. Өкініштісі сол, қандай да
бір жақсы нәрселер үшін өмір жол бермеді; әрине, қайсыбір оқиға құдайдың ісі деп кесіп
айтқан соң не туралы сұрап, білуге болады? Кант сөзімен айтқанда, түсіндірудің
метафизикалық түрі антропоморфизмге деген тәуелділіктен босатты. Егер де тастар "тас
жаратушы күштен құралса", онда ол күштердің табиғатына еніп, соның арқасында
шынайы әлеммен тікелей қатынасқа түсуге, демек, ол туралы білім алуға шақыру болып
табылады. Метафизикалық түсіндірмелер қаншама бос болса да, алға басуды білдірді;
олар жақсы нәрсеге — ғылымға жол ашты.
Қоғамдық ғылымдарда біздер әлі күнге шейін түсіндірудің физикалық үлгісінен шыға
алмай отырмыз. Біз өлі де оқиғалардың "жергілікті тұрғындардың сепаратизмі", "адам
санасының (mind) тенденциялары", "бауырлардың баламалық қағидалары", "жазықтағы
тайпалардың бастапқы демократиясы" және т.б. терминдермен түсіндірілуін кездестіреміз.
Бірақ та, ештеңеге қарамастан біздер алға басудамыз.
Егер де адам түсіндірудің метафизикалық типі "тас жаратушы күштердің" шын мәнінде не
екенін білу талпынысында жасырын тұйықталған шақыруды қабылдап, "табиғатқа
сүйеніп, таза күйінде деректерді алып, оларды өздігінше қарастырған болса" (Агасси),
оңда ол ғылыми көзқарасқа және ғылыми шеберлікке өту мүмкіндігіне ие болды. Қалай
болса да, метафизикалық түсіндірулерден шыққан талқылаудың бұл типі ақырында
олардың орнын басты. Ендігі жерде заттар мен құбылыстар аруақтардың мақсаттары мен
ниеттері тұрғысынан да, өзінің себебі ретінде белгілі бір қағидалар немесе мәндерге ие
нәрселер ретінде де түсіндірілмеді; олар басқа заттар және оқиғалар терминдерінде
түсіндірмелерін табады. Осылайша, жер сілкінісі — бұл тек құдайлардың наразылығын,
біздің күнәларымыз үшін жазасын білдіруі емес; ол сонымен қатар "вулканизм
қағидасының" жәй ғана көрінісі де емес. Ол басқа геологиялық жағдайларға сүйеніп
түсіндірілетін геологиялық оқиға.
Ғылымда адам тектес примат ақырында аман қалуы үшін өзі бейімделуге мәжбүр болатын
сыртқы әлемді шынайы және нәтижелі қабылдауға қол жеткізді. Түсіндірудің құралы
ретінде анимистік, антропоморфистік және супер натуралистік философиялар мүлде
пайдасыз болды, себебі, жалған білім оның мүлде жоқ болғанынан әлдеқайда жаман.
Философияның бұл типі әкелген зардап көлемін көрсету мақсатында жалмауыз және
діннен безгендер деп өлтірілген ерлер мен әйелдерді есімізге алсақ жеткілікті емес пе.
Шын мәнісінде қарапайым философиялардың түсіндіруге қарағанда басқа қызметтері бар;