Қазақстанның ашық кітапханасы
27
17.12. Ұстаз айтты: — Сырт көзге қаһарлы көріну, жан-тәнімен жалтақтыққа берілу —
бұл ұсақ адамның сылаңы; ол терезе арқылы, әйтпесе қабырғадан асып үйге кірмек ұрыға
ұқсайды.
17.13. Ұстаз айтты: — Жалған мен жақсыға парықсыздық — ізгілікке іріткішілдік.
17.14. Ұстаз айтты: — Кім естігенін жолда қайталаса, ол ізгіліктен алшақтайды.
17.15. Адамдығы ұсақ-түйекпен бірге әміршіге қызмет егуге болады ма? Ол қызметке
орналасқанша оны ала алмай қалам ба деп қауіптенеді, оны алғасын, қызметтен айырылып
қалмасам деп қорқады. Қызметті жоғалтып алмайын деп, ол кезкелген қылықты істеуге
дайын.
17.16. Ұстаз айтты: — Бұрында адамдардың үш түрлі кемшіліктері болды, ендігі бұл
кемшіліктер тіптен жоқ. Ертегісін еркін адамдар өздерін ұстай алды, ендігі өз дегенімен
істейтіндер тоқтаусыз-ақ. Бұрында өзін сүйген адамдар өздерін ұстай алды, ендігілер
ұятты ашумен бүркемелейді. Бұрында ақымақтардың өзі тікелігімен көзге түсті, енді
ақымақтар да алдаумен шұғылданады.
17.(18)19. Ұстаз айтты: — Мен бұдан кейін сөйлемей-ақ қояйын. Цзы Гун айтты: — Егер
сөйлемейтін болсаңыз, онда шәкірттеріңіз нені жеткізбек? Ұстаз жауап берді: — Осы,
Аспан сөйлейді ме? Дегенмен төрт мезгіл(маусым) бірін-бірі әдетте алмастырып жатады.
Күллі мән бір ыңғайдан туындайды. Сонда көк Аспан сөйлейді ме?
17.21. Цзай Ва сұрады: — Ата-анаға деген үш жылдық қаралы күндер тіптен ұзақ емес
пе? Егер бекзат кісі үш жыл бойы рәсімді сақтап жаттықпаса, онда міндетті түрде
рәсімдер бұзылады. Егер (ол) үш жыл бойы музыкамен шұғылданбаса, онда әлбетте
музыкада нашарлайды.
Асылы, ата-анаға деген азалы күндерді бір жылмен де шектеуге болады той. Осы уақытта
көмбедегі азықты тауысып, жаңа астыққа кіріседі, отындыққа жаңа ағаштардың түрлерін
жаға алады.
Ұстаз сұрады: — Егер бір жылдан кейін күрішпен тамақтанып, парчадан киім кисең, онда
сен тынышталар ма едің? — Иә, тынышталар едім. (Ұстаз айтты): — Тынышталатын
болсаң, онда солай істей той! Бекзат кісі азалы күйінде тамақтың дәмін татып
қанағаттанбайды, ән-күйге қызықпайды, үйінде де тыныштық таппайды. Сондықтан ол
(жылдық азамен) шектелмейді. Сен, шынымен-ақ, жұбанатынды сезінетін болсаң, солай
істей ғой!
Цзай Во шыққасын Ұстаз айтты: — Юй адамсүйгіштікті қабылдамайды. Нәресте үш жыл
бойы әке-шешесінің қолынан түспейді, сондықтан да Аспан астында қаралы күндер үш
жылға созылады. Юяның әке-шешесі оны үш жыл бойы құшағында аймалаған жоқ па?
17.22. Ұстаз айтты: — Күн сайын тамақтан басқа ештеңені ойламау, қандай ауыр! Күн
бойы шахмат-шашка ойнайтындардың күйі қандай екен? Бос жүргеннен гөрі, сонымен
шұғылданғанда дұрыс шығар!
17.23. Цзы Лy сұрады: — Бекзат кісі батылдықты құрметтейді ме? Ұстаз жауап берді: —
Бекзат кісі борыштық сезімді бәрінен де жоғары бағалайды. Егерде бекзат кісі батыл